ДИКТОР: Жілікті қолмен сындыру ерте заманнан келе жатқан қазақтың көне дәстүрі. Жігіттердің білек күшін сынайтын "жілік сындыру" әсіресе Көкше өңірінде жақсы сақталған. Тойларда, әсіресе соғымға шақырылған "омыртқа" кезінде міндетті түрде ұйымдастырылады. Биыл Ақмоланың көптеген ауылында «Жілік сындыру» чемпионат ретінде өтіп жатыр. Зеренді ауданында өткен додада білегі мықты 60-қа жуық азамат бақ сынады.

ИНТЕРШУМ:

 РКС: Көкше өңірінің тойлары мен соғым басы дәстүрлі жілік сындырусыз өтпейді. Жілікті жылқы малын сойған кезде арнайы дайындап қояды. Оған балта тигізбей, бұзбай сақтайды. Жілік әсіресе жастар бас қосатын отырыста тұтастай асылады.

STAND-UP: МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ТІЛШІ: Жілік сындыру үшін күшпен бірге айла-тәсіл керек. Өйткені кей жілікті сындыру өте қиын болады. Жілікті соғу үшін қалай дайындайды екен? Оны осы жерде жүрген ұйымдастырушылардан сұрап білейік.

СНХ: ЕЛШІБЕК ЫСҚАҚОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

     - Аға жілікті соғуға қалай дайындайсыздар?

-Оның әртүрлі тәсілі бар, кейбірі сынбау үшін тік қойып, пісіреді. кей жерлерде тесіп майын шығарып пісіреді. сонда ол жілік көпке дейін сынбайды. жілікті пісіретін мәнісі бар.

- Әдетте қандай жілік тез сынады?

- қолдың жілігі тез сынады. бүгін міне 12 қолдың жілігі. сосын бір санның жілігі. санның жілігін абсалюткаға қойып отырмыз. Оған елімізде қой тігіп отыр жігіттер. қалғандарына ақшалай сыйлық болады.

РКС: Бірлестік ауылында өткен турнирге 12 жілік қойылды. Бақ сынауға келгендер ересектер, орта буын және жастар деп үш топқа бөлінді.

СНХ: САПАРБАЙ ЖҮКЕНҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мен 1942 жылы туғам. 83-темін. Мына жілік сындыру біздің бала кезімізден басталған. Одан бұрын да болған шығар. Ол уақытта қолды кебекке сүртіп алып, орамал орап сонымен соққызатын. Қазір жаңа заман, жалаңаш қолға ұрып жатырмыз. Жастармен бірге мен де соғып жатырмын, жігіттерге мотивация беріп.

РКС: Той-томалақта қонақ жиылып, ет желіне бастаған тұста, жілікті жастардың біріне арнайы ұстатады. Ол жігіттің міндеті жілікті тазалап, мүжіп, дайындау және оған ие болу.

СНХ: ДУЛАТ БҮРКІТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Қазағымызда тағы бір ойын бар. осы жілікті мүжіген жігіт осы жіліктен айырылып қалады.қыз келіншектер оны ойын қылып тығып қояды. ер азамат оған айыппұл төлеп сатып алады. кей кезде жілікті қыз келіншектер тығып қояды. Кейін бағасын айтады. Ол оны сатып алады.

ИНТЕР ШУМ:

STAND-UP: МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ТІЛШІ: Жілікті тазалаған жігіт ойын кезінде шартты өзі қояды. Яғни «бір тықыл», «екі тықыл», жілікті орамалмен, орамалсыз сындыруды айтады.

- аға айтып беріңізші бір тықыл екі тықыл деген не?

- жілік соғу ата бабамыздан келе жатқан дәстүр ғой. Тойларда ас берілгеннен кейін жілік мүжіген ер азамат өз ережесін қояды. бір тықыл дегеніміз ол жіліктің әлсіз жерін іздеу, яғни жұқа жерін тауып алу. әлсіз жерін тапқасын тез сындырғаннан біз көбіне қазір тықыл қолданбаймыз. тықылсыз бірақ соғыс деп орамал орамай нақты жігіттердің сайысы деп ойлаймын. скл. тықыл дегеніміз жілікті балтаға соғып, міне былай осал жерін іздейді. жүргізіп отырады. осал жерін тапқан кезде сол кезде соғады.

РКС: Ойын қызықты болу үшін арнайы сыйлық тігіледі.

СНХ: ӘБІЛМАНСҰР МАРАТ, СТУДЕНТ: Мен осы ауылда туып өскем.қазір студент ретінде жастар арасында жілік соғуға қатыстым. Негізі тойларда да жілік сындыруды үлкен кісілерге қарап үйреніп жүретінбіз. бірақ ауылымызда бірінші рет болып тұр. жастар арасында 4 жілікті сындырдық. ағаларымызға қарап отырмыз. жақсы соғу болып жатыр.

РКС: Жілік сындырудан чемпионат Ақмола өңірінде жыл сайын ұйымдастырылмақ. Бірлестік ауылының азаматтары бұл ойынды көршілес аудандар мен ауылдарға челлендж ретінде жолдады.

ИНТЕРШУМ:

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ