ДИКТОР: Біржан сал ауданында кәсіпкерлерден 250 құты ішімдік өнімі тәркіленді. Алкогольдік сусындар ілеспе қосымша құжаттарсыз сатылған. Бұл заңсыздықты мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тексеріс кезінде анықтады. Сондай-ақ облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Райгородок және Николаевка елдімекендерінде жанар-жағар майды заңсыз сатудың жолын кесті. 2 мың литр дизель отыны, 60 қораптан астам темекі өнімі, 40,5 литр есепті-бақылау таңбасы жоқ алкоголь өнімі тәркіленді. Анықталған заңсыздықтарға қатысты материал аудандық соттарға жіберіледі. Айта кету керек, акцизделетін тауарлардың айналымы сәйкестендіру құралдарымен таңбалануы тиіс. Сонымен бірге тауарға ілеспе қосымша құжаттары болуы шарт.
СНХ: АЙНҰР ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Біз өз тарапымыздан Қазақстанда акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы елеулі құқық бұзушылық екенін ескертеміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң санкция қарастырылған. Мұндай әрекетке айыппұл салынады, өнім тәркіленіп, сонымен бірге бас бостандығынан айыру жазасы да көзделген.