ДИКТОР: Олар өз ауласынан бастап әлемді өзгертуге құштар балалар. Олар үшін ар-ождан, Отан алдындағы борыш пен патриотизм жалаң ұран емес. «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында республикадағы алғашқы «Жас Ұрпақ» жастар ұйымының бірінші слеті өтті. Айта кетейік, өңірдің 30 мектебінен бір мыңнан астам оқушы аталған ұйымның мүшесі.
РКС: Жиын күні салтанатты шара ұйымдастырылды. Қатысушыларды ұлттық салт-дәстүрмен, қазақтың әнімен, ойындарымен қарсы алды. Бұдан бөлек, «Жас Ұрпақ» ұйымына тағы 10 бала мүше болып қабылданды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘДІЛЕТ КЕНЖЕБЕК, №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: (ЩУЧИНСК): Мен өте қуаныштымын. Көп үлесімді қосуға тырысамын. «Жас Ұрпақ» туралы мен өз достарымнан білдім. Достарым ең бірінші кірген Жас Ұрпаққа. Мен сол кезде Жас Ұрпақ не екенін білмедім. Бірақ олардың сөздерінен кейін Жас Ұрпақ өте керемет бір ұйым екенін түсініп, өзім мұғалімдерден сұрап, сол ұйымға кірдім.
РКС: Бағдарлама аясында асық ату, арқан тарту және бес асықтан сайыстар өткізілді. Бұл шаралар тек көңіл көтеру мақсатында ғана емес, жастардың ұлттық мәдениетті сақтай отырып, заманауи әрі белсенді өмір сүруге деген ұмтылысын көрсетеді.
СНХ: ЛӘЙЛӘ НӘЗІРХАНҚЫЗЫ, № 2 ЖАЛТЫР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ (АСТРАХАН): Мен осы Жас Ұрпақ ұйымына жақында ғана қосылған болатынмын. Мен осы ұйымға өте қатты қызығушылықпен қосылдым. Бұл ұйымға қосылған кезде, мен өзіме өте көптеген жауапкершілік артылғанын сезіндім. Және мені осы жақында осы жарысқа жіберетін болатын. Біз осы жарыста ұлттық өнерлерімізді, тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеп, ұлықтап, осындай Бес асық деген ойынды ойнап жатырмыз.
РКС: Аталған ұйым балаларды ұлттық мұра рухында тәрбиелеуді көздейді. Сонымен бірге олардың санасында «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыру. Үлкендерге құрмет көрсетуді, этикетке, құқықтық сауаттылыққа және өзге де маңызды құндылықтарға үйретуді мақсат еткен.
СНХ: МАРАТ БАҚТЫБЕКҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізде «Балалар нашақорлыққа қарсы» атты жоба болды, бұл тек балаларға қатысты емес, жалпы «Барлық адамдар нашақорлыққа қарсы» деген ұстанымды насихаттауды мақсат етті. Сонымен қатар, түрлі іс-шараларға арналған сайыстар өткізілді. Біз балаларды өңіріміздің, халқымыздың қоғамдық өміріне тартуға тырысамыз. Өйткені балалар қазіргі уақытта біздің болашағымыз. Егер біз оларды тәрбиелеуді ерте бастамасақ, өмірде қандай да бір құндылықтарды бойларына сіңдірмесек, болашақта елімізге, халқымызға немқұрайлы қарайтын ұрпақ өсіп шығады. Сондықтан біз оларға балалық шағынан бастап дұрыс тәрбие беруге тырысып келеміз.
РКС: Жалпы, бұл бастама белсенді және мәдениетті жастарды қалыптастыруда маңызды қадам болды. Жоба жүзеге асырылған уақыт аралығында балаларды тәрбиелеуде, шығармашылық және рухани қасиеттерін дамытуда оң нәтижеге қол жеткізілді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ