ДИКТОР: «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмақ емес». Көкшетауда осындай атаумен балалардың сурет байқауы өтті. Оған ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары қатысты. Акция Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 игі іс» кең көлемді патриоттық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Балғын суретшілер 80-ге тарта жұмысын ұсынды. Оның әрқайсысы Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке және батырлардың ерлігіне құрметке деген сезімге толы. Қатысушылар мен олардың ата-аналарының алдында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аслан Қызбикенов сөз сөйледі. Ол мұндай шаралардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтіп, патриоттық бастаманы қолдаған қызметкерлердің отбасына алғысын жеткізді. Байқаудың қорытындысына арналған салтанатты шара ішкі істер органдары ардагерлерінің Аллеясында өтті. Байқаудың еш кішкентай қатысушысы, бес жасар Айлин Баймухаметова гран-при иегері атанды. Ол полиция аға лейтенанты Ботагөз Нөгербекованың қызы. Ал полиция капитаны Азамат Қапсатаровтың қызы Інжу Абай бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынды полиция подполковнигі Мереке Басымовтың қызы Анель Жолданғаров мен полиция майоры Қуандық Аппасовтың қызы Асылым Қуандықызы өзара бөлісті. Үшінші орынды үш қызметкердің қызғалдақтары еншіледі. Полиция майоры Жанат Ақышевтың қызы Іңкәр Қадырбек, полиция аға лейтенанты Арман Біләловтың қызы Жансезім Сағындық пен полиция майоры Алмас Жұматаевтың қызы Дәрия Жұматаевалар үшінші орынға лайық деп бағаланды. Балаларға естелік наградалардан бөлек, олардың аналарына еліміздің болашақ патриоттары мен лайықты азаматтарын шығармашылық тұрғыда тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғас хатпен марапатталды.