ДИКТОР: Астрахан ауданына қарасты Колутон, Ескі Колутон және Қоскөл ауылдарына тек қайықпен жетуге болады. Себебі, елдімекендердің жолын толығымен су шайып кетті. Ауыл тұрғындарының барлығы Астрахан ауданына орналастырылды. Аймақта эвакуациялық 3 пункт жұмыс істеп тұр.

РКС: Осыдан 2 күн бұрын Астрахан ауданынан өтетін Қалқұтан өзенінің су деңгейі 7 метрден асты. Бүгінгі таңда өзен деңгейі бәсеңдеп келеді. Ауыл тұрғындары біртіндеп үйлеріне қайтуда. Құтқарушылар тұрғындарға қажетті заттарды қайықпен жеткізіп отыр.

СНХ: ҚҰРАЛБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТРАХАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Енді бүгінгі таңда су деңгейі 20 сантиметрге төмендеді. Жалпы, табиғат өзі солай орналасқан осы Астрахан ауданына 3 өзен келіп қосылады. Ол Аршалы өзені және Боқсық өзені. 3-і Қалқұтан өзенімен қосылып, осы көпірдің астынан өтеді. Сондықтан да, осы ескі Колутон жылда бұл ауыл топан судың астында қалады. Өйткені, су көлемі өте көп келеді. Ескі Колутон ауылында бүгінгі күні 160 адам шығардық. Бүгінгі таңда ел болып, барлығымыз бірігіп жергілікті атқарушы органдар барлығымыз бірігіп үлкен іс-шараларды атқарып жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де полиция қызметкерлері де түнде күзетеді. Ауылдың ішінде отырып.

РКС: Топан су Астрахан ауданының тұрғындарын да әбігерге салды. Қиындыққа тап болған халыққа Павлодар облысынан жәрдем көрсетілді. Су тасқынынан зардап шеккендерге 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

СНХ: ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз өз облысымыздан Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысына гуманитарлық жүк жібердік. Дәл қазір Атбасарға бара жатқан едік. Жолда осындай жағдайды көріп, гуманитарлдық көмекті осы жаққа беруді ұйғардық. Біздің жерлестерімізге осындай қиын сәтте қол созуымыз қажет. Еліміздің ынтымағы жарасқан халық болғандықтан, міндетіміз ортақ. Алдағы уақытта Атбасарға тағы бірнеше көлік жібереміз.

РКС: Қазір Астрахан ауданын да комиссия құрылып, жұмысын бастап кетті. Топан судан зардап шеккендер назардан тыс қалмайды. Ал Атбасар ауданына Қазақстан Ұлттық футбол федерациясы, Астана қаласы және Павлодар, Абай облыстарынан гуманитарлық көмек жеткізілді. Жүк көліктеріне азық-түлік, төсек-орын, мотопомпа және басқа да қажетті заттар тиелген. Бұл көмек су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға таратылады.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі таңда мына тасқан судан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақтан көмектер көрсетіліп жатыр. Соның ішінде біздің Ақмола облысының мәслихат депутаттары да бар күш жігерін салып, жұмыстарды қолға алды. Бүгінгі таңда Павлодар облысынан осындай гуманитарлық көмек келіп жетті. 2 машина 10 тонналық тауарлармен. Осы өзіміздің әріптестеріміз мынау Павлодар облысының депуттарына алғысымыз шексіз! Барлығымыз көтерген жүк жеңіл дейді. Сондықтан, елімізде болып жатқан су тасқынына байланысты зардап шеккен халыққа осындай көмектер жасалып жатқанына қуаныштымыз!

СНХ: ЕЛДОС АХМЕТОВ, ФУТБОЛШЫ: Біз Федерацияның атынан келіп тұрмыз. Футболшылар атынан ақша жинап, генераторлар және тепло генераторлар, пушкалар жылу беретін сондай қажетті, қажетті қазіргі таңда керек нәрселерді алып келдік. Қолымыздан келгенше көмектесуге даярмыз.

РКС: Топан судан зардап шеккен елдімекендерге гуманитарлық көмек жеткізу жалғаса бермек.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ