ДИКТОР: Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиемен қатар ғылым сырларынан да дағды қалыптастыру қазіргі талап. Адамзат өмірінде үлгі тұтар жолымен, өшпес мұрасымен із қалдырған азаматтар қаншама? Солардың бірі қазақтың шоқ жұлдызы Шоқан Уәлиханов. Ғалымның атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында 29 рет өткізіліп отырған «Шоқан оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы оның 190 жыл толуына арналды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шара Шоқан Уәлиханов бюстіне гүл қою рәсімінен бастау алды. Шоқан оқуларын өткізу университеттің жоспарлы әрі игі істің бірі. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ елдерінен келген жетекші ғалымдар, жас оқытушылар, докторанттар мен студенттер қатысты. Шоқанның топографиялық зерттеулерден өзге, қазақ пен қырғыз даласына ортақ мұраны зерттеп, ауыз әдебиеті жанрына қосқан үлесі қазіргі зерттеуші ғалымдарға ізденіс пен зерделеуге жол ашып отыр.
СНХ: МЭЭРИМ КӨЛБАЕВА, Ш.АЙТМАТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҢА ТАЛАП ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ (ҚЫРҒЫЗСТАН): Біздің бүгінгі іс-шараға келуіміздің басты мақсаты- бүгінгі сіздер білесіздер дүниелік, эпикалық мирастардың үлкен бір қазынасына қырғыз елі «Манас» деген үлкен мұрасымен қатталып тұрады дегендей. Осы Манас эпосының ең алғашқы болып жазып алып,үзінді ретінде жариялаудағы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбегі зор. Біз осы жолғы іс-шараға Шоқан Уәлихановтың Манас эпосындағы еңбегі, қандай істер атқарды, жазып алуда қандай істерді атқарды, жариялау бағытында, алғашқы қандай пікірлер айтылған, қандай бір білімді ойлар ортаға салынған сол мәселелерді жалпы халайыққа, жұртқа, іс-шараға қатысушыларға айтып беру үшін келдік. Манас эпосын алғашқылардың бірі болып жазып алған мықты зиялылардың бірі деп білеміз.
РКС: Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқан Уәлиханов туралы зерттеулер көп болғанымен, зерделенбеген қырлары қаншама. Аталған конференцияның жылдан-жылға беделі артып, халықаралық деңгейде дәріптеліп отыр. Конференцияға ұсынылған баяндамалар үлкен бір жинақ болып жарыққа шығарылады. Жиналған қонақтарға Шоқантану залына арнайы экскурсия да ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған атаулы конференция ғылым апталығы аясына кіріктірілген.
СНХ: ТАЛАНТ МӘУКЕНҰЛЫ, ВАШИНГТОН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Біздің енді істеп жатқан жұмыстарымыз 17-18 ғасырлардағы мына қазақ хандарының, сұлтандарының Ресей, Шың империясына жазған хаттарын зерттеу. Лингвистикалық тарихи зерттеу. Абылай ханның, Уәлиханның, Убайдулла хандардың лингвистикалық және тарихи жолмен талдау және осы екі университетпен арамызда жобаларымыз бар, бірлесіп кітап шығарып жатырмыз. Осы жақында бірлесіп аударған кітабымыз бұйрыса шығады, екі университеттің аралығындағы. Және бір жаңалық жасанды интеллект арқылы қазақ тарихын және қазақ тілін зерттеу жаңа жобаны бастап жатырмыз.
РКС: Университеттің ардагер оқытушылары, жас мамандары мен докторанттар конференцияға белсене қатысып, ұрпақ сабақтастығы мен ғылыми мұраның жалғасын көрсетті. Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлихановтың барлық саладағы еңбегі қай кезеңде де жоғары бағалана бермек.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ