ДИКТОР: Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер арасында шахмат пен дойбы жарысынан 19-шы турнир өтті. Оған 50-ге жуық ардагер қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Жыл сайын өткізіліп келе жатқан облыстық шахмат пен дойбы жарысы биыл 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Турнирдің ашылу сәтіне қалалық, облыстық ардагерлер кеңестерінің, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынының өкілдері қатысты. Ардагерлер үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қаламызда 32 мың ардагер бар. Тілейтінім бүкіл халыққа, елге Жеңіс күні құтты болсын. Бүгінгі турнир жақсы өтсін. Аман болайық. Қалған ақсақалдар аман болып, келесі жылғы турнирде тағы кездесеміз. Бәріне жақсылық тілеймін!

РКС: Шахмат жарысына 26 спортшы, оның ішінде спорт шеберіне үміткерлер, дойбы жарысына 30-ға жуық ардагер қатысты. Оларды қолдауға келген көрермендер саны да аз емес.

СНХ: ТЕЛЬМАН МҰҚЫШЕВ, ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ: Бүгінгі турнир ерекше. 80 жылдық тойға арналып отыр. Сондықтан аудандардан да келген екен. Көкшетау облысында 6 рет бірінші орын алғанмын. Ардагерлердің арасында да бірнеше рет 1-ші орын алғанмын. Шахмат деген гимнастика. Мидың гимнастикасы дейді. Қазір мектепте де сабақ ретінде өткізетін болып жатыр. Дұрыс нәрсе. Бала жасынан ойнап келе жатырмын. Өзімнің немерелерім де шахмат ойнайды. Шахматты ылғи жастардың арасында, үлкендердің арасында насихаттап жүретін кісінің біреуі менмін.

РКС: Қазір облыс мектептерінде шахматтан үйірмелер ашылуда. Оқушылар арасында осы ежелгі интеллектуалды ойынға ниет етушілер де өте көп.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.