ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда салтанатты түрде «WorldSkills Aqmola-2025» өңірлік чемпионатының жеңімпаздары марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, он күннен астам өңірдің 11 колледжі байқауға қатысты. Өңірлік додада 400-ден астам студент кәсіби шеберлік дағдыларын алаңда көрсетті. Бүгін жарыстың жеңімпаздары медальдар мен дипломдар алды. Сонымен бірге ақшалай сертификаттарға ие болды.
РКС: Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова чемпионатқа қатысқандар мен олардың тәлімгерлеріне алғысын жеткізді. Өңірдің дамуында кәсіптік және техникалық білім беру саласының маңызды роль атқарып келе жатқанын атап өтті. Өйткені дәл осы сала қажетті мамандарды даярлайды. Шеберлік чемпионаты да зор үлес қосып келеді.
ШУМ:
РКС: Чемпионаттың жеңімпаздары әр құзыреттілік бойынша анықталды. Олардың әрқайсысының жеңіске деген жігері мықты болды. Өз ісінің нағыз шебері екенін дәлелдеді. Щучинск жоғары техникалық колледжінің студенті «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша бірінші орынды еншіледі.
СНХ: ВАЛЕРИЯ СЕРЕБРЕННИКОВА, «КОНДИТЕРЛІК ІС» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ: Шынымды айтсам оңай болған жоқ. Біріншіден, естен кетпес тәжірибе, Екіншіден қыздарға алғыс айтамын. Қайсарлық танытты. Бәсекелестік мықты болды. Мықтылар жеңіске жетті. Енді алдымен республикалық сайысқа барып, ол жерде өзімізді көрсетсек. Одан арғысын көре жатармыз. Қолдау білдірген баршаңызға ризамын.
РКС: Биыл сайыс 10 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды. Тағы бір атап өтерлігі, ол өңірлік деген мәртебе иеленді. Бұдан бөлек, жыл сайын заманауи жаңа құзыреттіліктер қосылып отырады. Көкшетау жоғары техникалық колледжінің өкілдері «Мобильді робототехникада» үздік деп танылды.
ШУМ:
СНХ: АРТЕМ ШИШКАНОВ, «МОБИЛЬДІ РОБОТОХЕНИКА» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ: Бәрі жақсы өтті. 1-ші орынды лайықты деп айтар едім. Бұл біздің алғашқы командалық жұмысымыз. Алғашқы жеңісіміз. Келе жеңістерге алғашқы баспалдақ деп айтар едім. Алда халықаралық жарыс тұр. Онда да жеңіспен ораламыз деп ойлаймын.
СНХ: РОМАН САПОВ, «МОБИЛЬДІ РОБОТОХЕНИКА» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ: Мен үшін бүгін бақытты күндердің бірі. Бұл біздің соңғы жеңісіміз емес деп сенемін. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға бар күшімізді саламыз. Бізге сенім артқан кураторларымыз бен колледж басшылығына алғысымыз шексіз.
РКС: «WorldSkills Aqmola-2025» чемпионатының жұмысшы мамандықтар жылы өтіп жатқаны тіптен қуантады. Аймақта кәсіптік және техникалық білімді дамыту мен қолдауға ерекше басымдық беріліп отыр.
СНХ: НӘЖМИДЕН НҰРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биыл біздің балалар 62 компетенция бойынша қатысып, жақсы нәтиже көрсете білді. Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізіп отырған іс-шара. Негізі біздің балаларымыздың болашақта жақсы маман болсын деген мақсатпен түрлі - түрлі компетенциялар өткіздік. Биылғы жылдың ерекшелігі - біз жаңа компетенциялар қосып отырмыз. 3 компенетеция пилоттық жоба ретінде енгіздік. Енді, жеңіске жеткен балаларымызға ұлттцық деңгейде сәттілік тілейміз. Осындай біздің жұмысшы мамандықтарды насихаттайтын іс-шаралар көп болсын дейміз.
РКС: «WorldSkills Aqmola-2025» чемпионаты қазіргізаманғы өзекті талаптарды ескеретін кәсіптік білім беруді дамытудағы маңызды қадам. Оның ең үздік қатысушылары республикалық деңгейде өңір намысын қорғауға аттанады, одан соң халықаралық байқауда бақ сынайды.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ