ДИКТОР: Ақмола облысының прокурорлары Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысын, «М-Стройпроект» серіктестігінің техникалық бақылаушысын және мердігер ұйым - «ПавлодарЭнергоМонтаж» серіктестігінің нақты иесін уақытша қамауға алды.
РКС: Олар 170 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл қаржы Көкшетаудағы ескі аэропорттан қан орталығына дейінгі аралықтағы жағалау құрылысына бөлінген. Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салу, яғни Қылмыстық Кодекстің 189-шы бабы, 4 бөлігі бойынша сараланды.
СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Барлық күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу барысында Астана қаласынан қылмыстық жолмен алынған 95 миллион теңгеге бағаланған мүлік табылды. Атбасар қаласындағы басқа құрылыс обьектілері арқылы ақшаны жымқырғаны анықталды.
РКС: Осыған байланысты бір күдіктінің әрекеті Қылмыстық Кодекстің 218-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша, яғни қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастырды деп сараланып отыр. Бұл бап мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қазір қылмыстық іс аяқталуға жақын. Соңғы нүктені сот қояды.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ