ДИКТОР: 5510 әскери бөлімінде мектеп оқушылары арасында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қайсар» әскери-патриоттық іріктеу ойындары өтті. Шараны «AMANAT».партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырды.

РКС: Жарысқа облыс бойынша 14 мектептен команда қатысты. Ер балалар ептілік, тапқырлық және рух күші бойынша сынға түсті. Бұл жарыс жай ғана спорттық шара емес, болашақ ел қорғаушыларын қалыптастырудағы маңызды кезең,- дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қайсар» әскери-патриоттық ойынының іріктеу кезеңі қызықты өтіп жатыр. Игі дәстүрге айналған шара десем қателеспеймін. Облыстық додада жеңіп шыққан команда кейін өңір намысын республикада қорғайды. Ойын шеңберінде әскери пәндер бойынша жарыс ұйымдастырып жатырмыз.

РКС: Мұндай сайыстар өскелең ұрпақтың бойына Отаншылдық сезімін ұялатып, жауапкершілік пен тәртіпке мығым болуға тәрбиелейді. Оқушылар әскери дайындықтың элементтерін меңгерді.

СНХ: СЕРГЕЙ АСТРАХАНЦЕВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жарыс алты бағыт бойынша өткізіледі. Эстафета, кедергілер жолағы, граната лақтыруғ қаруды жинап, құрастыру, пневматикалық қарудан ату және арқан тартыстан сайысқа түсіп жатыр.

СНХ: ДИЛЯРА ӘБУОВА, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгін мен командамен Қайсар атты әскери жобаға қатысуға келдік. Әрине де қобалжу сезімдері бар, бірақ та осы барлық сайыс өтіп, бірінші орынға ие болып, жеңіске жетеміз деп сенемін.

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша ІТ-лицейдің командасы бірінші орынға ие болды. Енді олар Қарағандыда өтетін республикалық әскери-патриоттық ойындарда Ақмола облысының намысын қорғайды. 6-шы мектеп-лицейдің оқушылары жүлделі екінші орыннан көрінсе, 11-ші мектеп-гимназияның командасы қола жүлдегер атанды. Жеңімпаздар Құрмет Грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ