ДИКТОР: Қазақстанның мерекелік күнтізбесінде 23-ші сәуір былтырдан бастап алтын әріппен жазылды. Енді жыл сайын дәл осы күні Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Аталмыш мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына орай өткен жылдың 16 шілдесінен бастап қолданысқа енді. Биыл алғаш рет кең көлемде тойланып отыр.
РКС: Бүгін Ақмола облысында да бұл мереке жаппай тойлануда. Аталған дата қарсаңында кеше кешкісін қалалық электронды кітапханада «Жүрегі бар жалғыз үй» атты «Кітапхана түні» өтті. Бұл игі шара кітапқұмар оқырман қатарының толығуына оң әсер етеді,-дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: САМАЛ МАХСОТОВА, ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Мұндағы мақсат қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, озық ойлы мемлекетке айналу деп есептейміз. Мұның ең төте жолы кітап оқу десек, кітап оқуға ынтаны арттыру үшін ұйымдастырып жатқан шараның ықпалы зор болмақ. Бұл ең үлкен іс-шарамыз бүгінгі ұлттық кітап күніне кітапхана түні өткізіліп отыр. Осыған өзіміздің оқырмандарымыз, студенттеріміз, клуб мүшелері барлығы ат салысып бүгінгі іс-шараны тойлауда.
РКС: Мұндай игі шара кітапқұмар оқырманның кітапқа деген махаббатын оятып, рухани жігер берері сөзсіз.
СНХ: АҚЕРКЕ АЛТАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі іс-шара өте күшті форматта өтті деп айтуыма болады. Себебі өте көп ақпарат алдық. Кітапқа деген қызығушылығымыз әрі қарай арта бастады. Негізі ұлттық кітап күні ол кітапқа деген махаббат қана емес. Бұл өзіңнің руханиятына, сөзіне, тарихына деген тағзым десем болады. Бүгінгі күн өте керемет өтті.
РКС: Ғажайыпқа толы кеште ұлттық киімдегі кітапханашылар, түрлі жанрдағы кітаптар, музыкалық атмосфера және кофе-брейк кештің шырайын келтірді. Студенттер кітапханада өткен кітап байқаулары кітап талқылаулар жайлы ойларын ортаға салды. Қазақтың қара домбырасын жанына серік еткен жас ақын Берденбек Мырзат арнау айтып, күй шертіп, әннен маржан түзді.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ