ДИКТОР: Ақмола өңірінің мәдени өмірінде айрықша орын алған ауқымды әдеби шара – "Kitap avenue" онкүндігі аяқталды. Ұлттық кітап күніне орай 14 сәуірде бастау алған бұл рухани мереке Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының бастамасымен жүзеге асырылды. Әсерлі кештің жылы атфомферасымен тілшіміз бөліссін.

РКС: Он күн бойы кітапханада ерекше рухани атмосфера орнады. Әдеби дефиле, патриоттық оқулар, ұлттық салт-дәстүрлер туралы кітаптарды насихаттау, пікірталас алаңдары мен оқырмандар конференциясы – бәрі де оқырманның ыстық ықыласына бөленді.

СНХ: ЖАДЫРА ӘУБӘКІРОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл дата кітап сүйер қауым үшін орны бөлек мереке деп есептеймін. Осы он күн ішінде ақын-жазушылармен кездесулер, кітапхана түні, сирек және құнды кітапхана көрмесі, өнер әдебиеті және өлкетану бөлімінің кітаптары біздің оқырмандарға ұсынылды. Онкүндік барысында бізідң қатысушыларға, қала мектерінің оқушыларына арналған танымдық шара көп болды. 500- ден астам адам қамтылды. Барлығы керемет өтті деп есептеймін.

РКС: Шара аясында үздік оқырмандар марапатталып, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігі ерекше аталып өтті. Солардың арасынан көпшіліктің ықыласына бөленген бүлдіршін Жәнел Агвай. Ол "Үздік оқырман – 2025" номинациясының иегері атанды. Жәнел – кітапхананың тұрақты оқырманы.

СНХ: ЖӘНЕЛ АГВАЙ, "ҮЗДІК ОҚЫРМАН-2025" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: Мен осы кітапхананың тұрақты оқырманымын. Мен осы шарада ұлттық балалар кітабын оқыдым. Мен осы кітапханаға өте жиі келіп тұрамын.

РКС: Кітапхана ұжымы осындай шаралар арқылы кітаптың қоғамдағы рөлін қайта жаңғыртуды мақсат тұтады. Олар үшін әрбір оқырман – рухани әлемнің шырақшысы. Шара барысында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы концерттік бағдарлама қойды. Әдеби кеш ән мен күйге ұласып, рухани әсерлі сәтпен түйінделді.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ