ДИКТОР:Ұлттық кітап күніне орай өткен тағы бір шара. Қалалық кітапханалар жүйесі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, ақын Серік Жетпісқалиевтың 65 жылдық мерейтойына орай ауқымды іс-шара өтті. Кітапханадағы кездесуде қаламгердің шығармашылығы мен өмір жолынан сыр шертілді.

РКС: «Бұқпа», «Көкшетау», «Арқа Ажары», «Шығыс жекпе-жегі» газеттерінде басшылық қызметте жүріп, баспасөз бен телевизия саласында өшпес ізін қалдырып келе жатқан Серік Жетпісқалиевке арналған шараның оқырман көңілінен алар орны ерекше болды. Шара барысында жазушының үзеңгілес әріптестері естеліктерімен бөліссе, шығармашылығын сүйіп оқитын жастар жазушының балалар әдебиетіндегі орны туралы ойларымен бөлісті.

СНХ:СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Биыл мынау Көкше өңірінде үлкен бір Көкшенің руханиятына, оның ішінде журналистикасы бар,әдебиеттің проза,драма ,әсіресе балалар әдебиетінің тақырыбына көсіле қалам тербеп,қаншама кітаптар жазып, оқырмандарын үлкен бір жылы шуаққа бөлеп жүрген қаламгер бар. Ол Серік Жетпісқалиев. Секеңді міне балалар жазушысы деп айтып отырмыз. Мынау «Бақтияр бұзық бала», «Балық аулай барғанда» шығармалар шынында балалардың тарапынан, жас оқырманның тарапынан үлкен қызығушылық туғызып, сол қолдан-қолға тимейтін шығармалардың қатарында деп айтуымызға болады. Серік Сапарұлының балалар жазушысы ретіндегі тілі өте жатық,ықшам. Балалардың ой-өрісіне, балалардың психологиясына белгілі бір ситуацияны алып, бір сюжетті алып шымыр да, сәтті оқиғалар желісін құруда ерекшеленеді.

СНХ: АҚНҰР АҢСАБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Жалпы балалар әдебиетімен жұмыс істеу өте қиын. Серік Сапарұлының осындай үлкен бастаманы қолға алып, барша әдебиет саласына өз еңбегін сіңіргені үшін, шын жүрегімізден алғыс білдіреміз.Осындай ақын-жазушыларымыздың ықпалымен біздің қазақ әдебиеті, поэзия жанры, қазақ шығармашылығ кең өріс алады деген ойдамын.

РКС: Шара барысында сырлы сұқбатпен қатар, халық әнінен шашу шашылып, «Күмбірлі домбыра» ансамблі тәтті күй тарту етті. Сонымен қатар, ақын өлеңдерінен үзінділер оқылып, автордың «Айнакөл жағасында» әні оқырман қауымның құрметіне тарту етілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бүгінгі мерейтойдың жалғасы іспеттес Тәуелсіздік алаңында өткен шара кітап оқуға деген қызығушылығы бар кез-келген адамды тіпті бей-жай қалдырмайтыны анық. Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Жастар арасында кітап оқуға деген құмарлықтың жыл санап өсіп келе жатқаны көңіл қуантады. Кітап ұлттың қазынасы-рухани байлығы.

STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Әлем қанша өзгерсе де, ғылым, техника қанша дамыса да, адам өмірінде кітаптың алатын орны ерекше. Олай солай болып қала да бермек. Адамның рухани жан азығы кітап болса, ал кітапты оқитын оқырманның бүгінгі таңда саны арту үстінде.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙІЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ұлттық кітап күнін шын мәнінде мазмұнды қылып, пайдалы қылып өткізуге тырысуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, бұл күн әдейі белгіленген күн. Жұртшылықтың, халқымыздың, тұрғындардың назарын аудару үшін, кітап оқуға көңілін бөлу үшін, Ұлттық құрылтайдың жиынында айтқанындай кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған шара. Сондықтан, осыны дұрыс түсініп, дұрыс насихаттап, әрқайсымыз көңіл бөліп, ұлттық кітап күнін дұрыстап өткізуіміз керек деп ойлаймын.

СНХ: АЛУА ШӘМЕН, №4 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ АҒА ТӘЛІМГЕРІ: Бүгінгі кітап көрмесі де керемет, қызықты кітаптар бар. Кітап тәрбие мен білімнің көзі. Сол себепті, менің ойымша осындай мерекелер, мұндай іс-шаралар көп жүруі тиіс. Әсіресе біздің гаджеттер заманында кітаптың орны ерекше. Сол себепті менің ойымша бұл нағыз дұрыс дүние. Осындай мерекелеріміз көбейе берсін.

РКС: Табиғат таза ауасында ұсынылған кітап көрмесіне деген жастардың қызығушылығы да ерекше екенін айта кеткен жөн. Балға үймелеген арадай, кітапқа үңілген оқырмандар легінен анық аңғаруға болады. Кітап адам жаны мен тәнінің азығы болса, рухани дүнеинің кілті төл мәдениетте екені белгілі. Кітап оқуға шақыру тек үндеу ғана емес, ол адам жанының сұранысы, адамның толық бейнесі. Аталған шара барысында, ән мен биден де шашу шашылып,жиналған халыққа қуаныш сезімін сыйлады.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ