ДИКТОР: Көкшетау қаласы бойынша 79 референдум учаскесі бар, онда 139 мыңға жуық дауыс беруші тіркелді. Облыс орталығындағы дауыс беру учаскесіндегі саяси науқанды көзімен көріп, танысып келген тілшіміз баяндасын.
Интер шум:
РКС: «Көкшетау» мәдениет сарайында екі референдум учаскесі орналасқан. Нөмері 18 дауыс беру учаскесіне 2051 дауыс беруші тіркелді. Олардың 46-сы алғаш рет таңдау жасайтын жастар. Науқан барысында ертемен келіп, таңдауын жасаған қала тұрғындарына естелік сыйлық берілді.
СНХ: АМАНГЕЛДІ ТІЛЕГЕН, №18 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Өздеріңіз көріп отырғандай сағ 7-ден бастап адамдар келіп, дауыс беріп жатыр. Әсіресе жастар өз белсенділігін көрсетіп жатыр. Комиссия мүшесінде 9 адам бармыз. Сол 9 адам адамдарды қабылдап, өз жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі кезде үйден дауыс беруге 5 өтініш түсті. Адамдар сағ 12-00 дейін тағы өтініш бере алады. Одан кейін біз үйлеріне барып, дауыстарын алатын боламыз.
РКС: Үйлерінде дауыс беретін қала тұрғындарына жылжымалы жәшікпен комиссия мүшесінің 2 адамы және еріктеріне қарай байқаушылар да барады.
СНХ: ЕСБОЛАТ ДҮЙСЕНБАЕВ, БАЙҚАУШЫ: Мұнда дайындық өте жақсы деңгейде. Сайлау комиссиясының мүшелері уақытында орнында. Дауыс беруге қажет жағдайдың барлығына қажет жағдай жасалынған. Байқаушы ретінде қарап отырсам, халықтың белсенділігі қуантады. Жастардың әсіресе еліміздегі саяси оқиғалардан тыс қалмай, талпыныс жасап, таңмен ертелетіп, жастардың ерінбей келіп жатқаны қуантады. Онымен қатар ардагерлеріміз де жастарға үлгі тәрбие ретінде керемет ақылдарын айтып жатыр жаңа тыңдап тұрсам. Бұл өте қуантады. Бұл еліміздің жарқын болашағының кепілі ғой.
РКС: Ернұр Сайранбай облыс орталығындағы жоғары оқу орнының бірінде оқиды. Өзінің курстас төрт досымен бүгін алғаш рет өз таңдауларын жасады.
СНХ: ЕРНҰР САЙРАНБАЙ, СТУДЕНТ: А.Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студентімін. Конституцияның жаңа бастамасы өзіміздің еркін дауысымызды бердік. Алғаш рет бергеміз, міне осындай сыйлық берді. Курстастарымызбен төртеуміз дауыс берейік деп, еліміз үшін, болашағымызға қажетті заң болғаннан кейін.
РКС: Естеріңізге сала кетейік дауыс беру кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ