ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғимаратында орналасқан №9 референдум учаскесінде 2171 дауыс беруші тіркелген. Бұл білім ошағының 7 мыңға жуық жастары жалпы үш учаскеде өзінің таңдауын жасайды. 18 жасқа толып, өзінің құқығын пайдалануға келген студенттерге сый-сыяпат жасалды.
РКС: Таңғы сағат 7-де референдум учаскесі ашылып, Әнұран шырқалған сәтте-ақ ертемен тұрып, өзінің дауысын беруге келгендер таңдауын жасауға асықты. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлегі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев өзінің жұбайымен қазақы нақышта киініп, бүгінгі күннің маңызына мән бере келді.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл болашаққа арналған конституция. Жастар үшін, жастардың дамуы үшін. Еліміздің дамуы үшін, қазақстанның көркейе беруі үшін.
СНХ МҮСЛИМА ӘЛИЕВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Өмірдің жақсы болатынына, Қазақстанның аспанымыз ашық болсын.
РКС: Ата Заңға енгізілген өзгерістерге бей-жай қарамайтын әр адам бүгін таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағын айқындайтынын түсінуі тиіс. Әр дауыс маңызды.
СНХ МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Әсіресе халқымыз үшін, еліміз үшін. Ата Заңда білім, ғылым, инновация туралы баптар бар. Мен ойлаймын бұл жастардың Конституциясы деп. Университетімізде үш участок бар. 7 мыңға жуық студент дауыс береді. Мыңға жуық оқытушылар құрамы дауыс береді. Әрине олар өздерінің бекбұрысты шешімін қабылдайды деп ойлаймын. Алғашқылардың бірі болып біз дауыс бердік. Халық келіп жатыр, жастарымызды да көріп жатырмыз.Халық белсенді.
СНХ: АЯН ШӨКЕНОВ, ЖОҒАРҒЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 15 наурыз ерте тұрып бүгін, жаңа Конституциямызды қолдап, дауыс беруге келдік. Жаңа жобаны оқып, таныстық. Көп өзгерістер болып жатыр. өте қуаныштымыз. 95 жылғы конституциядан кейін жаңа Конституция шығып жатыр. енді елімізде жаңа өзгерістер, Жаңа Қазақстан болсын.
РКС: Өзінің дауысын беруге асыққан жастардың қатары да бүгін көп. Университет студенті Сағыныш Амандық үшін де ерекше толқулы сәт. Өйткені ол бүгін бірінші рет өзінің конституциялық құқығын пайдалануға келді.Алғаш рет дауыс беруші жасқа арнайы сыйлық жасалды.
СНХ: САҒЫНЫШ АМАНДЫҚ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен бірінші рет дауыс беріп тұрмын. Бұл мен үшін ерекше бір жауапкершілік. Ерекше бір сезім болып тұр.біздің дамуымыға, болашаққа әсер ететін референдум болып табылады.
РКС: Конституциялық реформабілімге, ғылымға ұмтылған жастарға жол ашатын маңызды баптарды бекемдеді. Сонымен қатар белсенді жас буынның атқаратын қайырымдылық шараларын да құқықтық негізде бекітті. Бұл да олар үшін үлкен мүмкіндік.
СНХ: БЕКАРЫС НАЗАРБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Референдум жасатрға өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. болашақты айқындауға берілген үлкен мүмкіндік. Біз осындай мемлекеттік маңызды і шаралардан тыс қалауымыз керек.
РКС: Үйінде дауыс беруге өтініш білдірген адамдар да бар. Оларға жылжымалы жәшіктер ұйымдастырылады. Байқаушы болып отырған партиялар мен тәуелсіз сарапшылар референдум учаскесінде бәрі заңды әрі талапқа сай екенін айтты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ