ДИКТОР: Көкшетаудағы №12 орта мектептің оқушылары және информатика пәнінің мұғалімі Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық сайыста бірінші орынға ие болып, елге оралды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Халықаралық роботтар жарысы 10 мен 18 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізіледі. Мұндай сайыс алғаш рет 2004 жылы Сингапур қаласында ұйымдастырылған еді. Қазір бұл жарысқа 32 елден келген мыңнан астам дарынды жеткіншек қатысады.

СНХ: ДӘНЕКЕР ӘЛКЕНОВ, №12 ОРТА МЕКТЕБІ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Ол жерде 13 категория болды. Қазақстаннан 500-ге жуық қатысушы болды. Робототехникадан мен және оқушыларым бірінші орынға ие болдық.

РКС: Сайыс тапсырмасына орай белгілі бір роботты құрап, алгоритмін жазып шығу керек. Шығармашылық санатта берілген тақырыпқа байланысты қатысушылар жоба да құрастырулары тиіс.

СНХ: ЛАУРА МИРА, ЖЕҢІМПАЗ: Жарты жыл бұрын біз халықаралық олимпиадада бірінші орынға ие боламыз деп армандаған да жоқпыз. Ұстазымыз Дәнекер Аманкелдіұлының арқасында біз осындай жетістікке жеттік. Жетекшімізге алғысымыз шексіз, мектепке де көп рахмет.

СНХ: БАХТИЯР ТЕМІРТАС, ЖЕҢІМПАЗ: Түркияда өткен халықаралық олимпиадада бірінші орынға ие болғанымыз үшін ұстазымызға алғысымды білдіремін. Бізді қолдауға келгендердің барлығына да рахмет.

СНХ: ДАНА ТЕМІРТАСОВА, ЖЕҢІМПАЗДЫҢ АНАСЫ: Үйірме жетекшісіне рахмет. Енді Римдегі сапарға дайындаламыз. Баламның робототехникаға барғанына үш-ақ ай болды. Бала кезінде де қатысып жүрді, бірақ қазіргі мұғаліміне жолыққаннан кейін, робототехникаға деген сүйіспеншілігі қайта пайда болды.

РКС: Алдағы уақытта Дәнекер мен оның шәкірттері аймақта робототехниканы дамытуды жоспарлап отыр. Өйткені бұл бағыттағы білім мен білікті мамандарға сұраныс тек арта түспек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.