ДИКТОР: Атбасар ауданына қарасты Покровка ауылдық округіндегі «Әріп-Агро» серіктестігінің егістік алқабы 10 мың гектардан асады. Шаруашылық көктемгі егіс науқанына толығымен дайын. Серіктестіктің 50-ден астам маманы танап басына шығатын техниканы дайындап, 8 мыңнан астам гектарда ылғал жабу жұмыстарын жүргізуде.
РКС: «Әріп-Агро» серіктестігінің барлық егістік алқабында агрохимиялық талдау жүргізілді. Техника паркі жаңартылған. Соңғы үлгідегі заманауи ауыл шаруашылығы кешендері егістік алқабына шығуға дайын.
СНХ: СЕРГЕЙ ПИДЛЫЙ, «ӘРІП-АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БРИГАДИРІ: Егістік алқап 10 мың гектардан астам. Оның 8 мың гектарына биыл дәнді дақыл сіңіріледі. 2 мың гектарын парға қалдырдық. Негізінен бидай, жасымық, күнбағыс, рапс егеміз. Барлық техника егіс науқанына дайын. Қазір ылғал жауып жатырмыз. Егіс науқанын 10 мамырдан кейін бастауды жоспарлап отырмыз. Былтыр егіс науқанын 10 күнде бітіргенбіз.
РКС: Биыл Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі егіс науқанын өткізуге «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Аудан бойынша 457 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл сіңірілмек. Майлы дақылдар алқабы 12 мың гектарға ұлғайтылады. Сондай-ақ, 11 мың гектар алқапқа бұршақ дақылын себу жоспарланған.
СНХ: ӘСЕЛ СӘРСЕМБАЕВА, АТБАСАР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Қазір 9,5 мың гектар алқапта ылғал жабылды. Оған 26 агрегат жұмылдырылды. Кейін құрамында глифосаты бар препараттармен механикалық өңдеу жүргізіледі. Аудан бойынша көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін 50 мың тонна тұқым қажет. Оның бәрі дайын. Барлық тұқым зертханалық зерттеулерге сәйкес жарамды.
РКС: Атбасар ауданында көктемгі егіс жұмыстарына 2 мыңнан астам техника жұмылдырылмақ. Биыл 55 мың гектар алқап 3 мың тонна тыңайтқышпен өңделеді деп жоспарланып отыр. Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.