ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты екі ауылда газдандыру жобасы толық аяқталды. Нәтижесінде шамамен 7 мыңға жуық үй шаруашылығы көгілдір отынға қол жеткізді. Ыбырай Алтынсарин атындағы ауылда табиғи газ берудің салтанатты рәсіміне облыс әкімі Марат Ахметжанов пен «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қатысты. Өңір басшысының жұмыс сапары Талапкер ауылында жалғасты. Мұнда Марат Ахметжанов «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу шарасына да қатысты.
РКС: Зейнеткер Рахима Қойбағарова отбасымен Ыбырай Алтынсарин ауылына осыдан шамамен 10 жыл бұрын қоныс аударған. Оның айтуынша, газға қосылу – өркениетке жасалған үлкен қадам. Өйткені жаңа инфрақұрылымның іргелі отбасы үшін берер пайдасы мол.
СНХ: РАХИМА ҚОЙБАҒАРОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Біз өте қуаныштымыз осындай бізге газ өткізіп жатқанына. Өзіміз ойлаймыз, Алла жазса, бәрі жақсы, тұрақты болады деп ойлаймыз. Ең бастысы – пеш жағуға өте ыңғайлы болады. Енді пеш жақпаймыз, отоплениесі солай болады. Жылу келеді газ арқылы. Соған өте қуаныштымыз. Сосын тамақ пісіру ыңғайлы да кішкене, арзандау да. Біз зейнеткер болғасын, ол да маңызды нәрсе бізге. Сондықтан көптен көп рахмет айтамыз. Біздің ел енді бәрі қуанып отыр, адамдар бәрі. Газопроводты өткізіп осылай, қолданамыз деп, осы күннен бастап.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов тұрғындарды көгілдір отынның берілуімен құттықтады. Оның айтуынша, өңірде халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АКМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл – Президентіміздің үлкен ұлттық жобасы. Осы көгілдір газбен елдімекендерді қамту. Сондықтан міне, кезекті бүгін міне үлкен елдімекендерге газ жетті. Енді бұл жоба 1 жоба басталған, өйткені кезінде Талапкер мен Ыбырай Алтынсарин 1 ауылдық округ болғасын. Енді Ыбырай Алтынсарин ауылы өзін еншісін алып, енді міне көгілдір газға да қол жеткізіп отыр, жолдарыңыз да салынып отыр. Әрі қарай осы Президенттің тапсырмаларын мұқият орындап, халықтың тұрмысын, жағдайын жақсартуға белсенді жұмыс істеуге уәде береміз.
РКС: Екі ауылды газдандыру жобасын «QazaqGaz» ұлттық компаниясы облыс әкімдігімен бірлесе жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 7 миллиард теңгеден асты.
СНХ: УӘЛИХАН ҚЫМБАТОВ, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АСТАНА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Алтынсарин ауылы бойынша 51 шақырым газ құбырлары. Жоғарғы қысымы 8 шақырым және 7 газ реттегіш пункт. 1 газ ректегіш пункт салынды. Ол 2 мың тұтынушыға газ қосуға мүмкіндік береді. Талапкер ауылы бойынша 155 шақырым газ құбырлары салынды және 18 шкафты пунктер салынды. Ол 5 мың абонентке газға қосылуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «ҚазақАймақ» және министрлікпен, әкімдікпен бірлесіп, мұқтаж топтарға жеңілдік бар. Газдың бағасы 1 текше метрге 44 тенге болса, 30% мұқтаж адамдарға жеңілдік бар.
РКС: Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта Астанаға жақын елдімекендерінің барлығы заманауи әрі экологиялық таза отынмен қамтылады. Көгілдір отынның берілу аясында тұрғындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жаппай қатысты. Талапкер ауылында шамамен 500 адам ағаш отырғызуға атсалысты. Екі мыңға жуық шырша, тал және алма ағашы көшеттері отырғызылды. Бірқатар ағаш көшеттерін облыс әкімі Марат Ахметжанов өзі отырғызды. Экологиялық акция барысында белсенділер жаға жай аумақтарын, саябақтар мен аулаларды тазалады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ