ДИКТОР: Қопа көлінің жаңа жағалауы бүгінде шаһар тұрғындарының демалатын сүйікті орындарының бірі. Сондықтан, мұнда жасыл желек қорын көбейтуге ерекше екпін беріліп отыр. Өткен сенбі "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 50-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Облыстық экология департаментінің бастамасымен биыл 44 тазалық акциясы ұйымдастырылуы тиіс.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Көріп тұрғандарыңыздай облыс орталығының Қопа көлінің жағалауында "Таза Қазақстан" акциясы өтіп жатыр. Акцияға университет студенттері, мемлекеттік қызметшілер және экология департаментінің өкілдері қатысуда.
СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Өздеріңіз білесіздер президенттің бастамасымен биылғы жыл "Таза Қазақстан" акциясы жарияланған. Осы акция аясында жыл бойы үлкен-үлкен іс-шаралар жүргізілді. Сол "Таза Қазақстан" акциясының қортындысы ретінде ағаш егу жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Бұл игі іске Шоқан Уәлиханов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен 30-дан астам студент белсенді қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын табиғатты аялауға шақырды.
СНХ: ДӘУРЕН ЖҰМАҒАЛИЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен мектеп кезінен бастап осы қоғамдық шараларға белсенді қатысып, осы қаламыздың көркеюіне өзімнің үлесімді қосып жатырмын. Ең алдымен Көкшетау қаласында тал отырғыздыру рәсімі бұл біздің экологиямызды жақсы нығайтуға, жастардың денсаулығын нығайтуға көмек береді. Сондықтан мен әр қала тұрғындарын "Таза Қазақстан" акциясына қатысуға шақырамын.
СНХ: БЕРІК АЙТПАЙ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕНІҢ СТУДЕНТІ: Жастардың табиғатты құрметтеу, табиғатты қалай ластамау керек екендігін. Осы табиғаттың көркеюіне қандай күштер кетеді екенің білу үшін студенттерді шақырған өте маңызды деп ойлаймын.
СНХ: БЕЙБАРЫС СӘБИТ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мемлекетіміздің бір бөлшегі ретінде өзіміздің міндетіміз деп санаймыз. "Таза Қазақстаннан" бөлек басқада шаралар болады соған тұрақты түрде қатысып тұрамыз. Осы біздің ағаш отырғыздыру рәсімі бұл Қазақстан үшін, яғни жалпы мемлекет үшін маңызды. Сол себепті келіп отырмыз.
РКС: Айта кетейік, Көкшетау қаласының аумағы бойынша осы уақытқа дейін "Таза Қазақстан" акциясына 10 мыңнан астам адам қатысты. Оның басым бөлігі тұрақты түрде белсенділік танытқан волонтерлар. Жыл сайын 3 млн.ағаш егу жоспарланғанымен, акция барысында 5 млн.көшет отырғызылды. Жалпыұлттық экологиялық шараның басты бағыттарының бірі - облыс орталығын қоқыстан тазарту. Жыл басынан бері 20 мың текше метрден астам қоқыс шығарылған. Тіпті, экологиялық ахуалды жақсарту үшін қатаң шаралар да қабылдануда. Мәселен, қоқысты рұқсат етілмеген орындарға тастағаны үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100, ал шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ