ДИКТОР: Биыл Республика күніне – 35 жыл! 1990 жылдың 25 қазанында еліміздің тарихындағы құны бар құжат – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл бұйрық Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының алғашқы қадамы, тәуелсіздікке апарар жолдың бастауы болды.

STAND-UP: ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ТІЛШІ: Республика күні – тек тарихи дата ғана емес, елдің бірлігі мен болашағына деген сенімнің символы, әр қазақстандық үшін мақтаныш мерекесі. Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Халық бар жерде – болашақ бар. Олар үшін Республика күні нені білдіреді? Бұл күннің мәні мен маңызы неде? Осы мереке аясында ақмолалықтардың пікірін білейік.

БЛИЦ:

- Бүгінгі Қазақстанды үш сөзбен сипаттасаңыз? Қазақстан егемен, шекарасы бекіген, балалары көк аспанның астында, тек қана бақытты өмір сүріп жатқан, сондай керемет елдердің бірі деп мен өзім есептеймін. Осылай еліміз әрқашан тек қана биік белестерден көрініп, басқа елдермен терезесі тең болып, балаларымыз аман есен осындай бейбіт, жақсы, дәулетті жерде өмір сүре берсін.

- Республика күні 25 қазан әрине ол тарихи мереке. Ұлттық мерекелер тізіміне енгізілген. Республика күні мен үшін ол жаңа бірлік пен тәуелсіздіктің нышаны деп есептеймін. Және де әр азаматтың туған еліне, жеріне деген керек деген махаббатының дәлелі. Әрине ұлттық, патриоттық сезімді оятады.

- Тәуелсіз, әділ, жаңа Қазақстан. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ішкі даудан, сыртқы жаудан қорғасын.

- Республика күні ол еліміздің тәуелсіздігі, мысалғы біздің Отанымызға деген сүйіспеншілігіміз, махаббатымыз, патриоттық сезіміміз тек қана осы Республика күнінде ғана болмай, әрқашан да біз елімізді мақтан тұту керекпіз мемлекетіміздің елдігі мен ерлігін асқақтату керекпіз.

РКС: Көкшеліктер осындай айтулы датаға орай өздерінің ақжарма тілектерін арнауда. 35 жыл тарих үшін қысқа болғанымен, ел үшін тағдырлы кезең. Осы уақыт ішінде Қазақстан талай сыңнан өтіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізуде. Осылайша, егемен ел әлемге танылды. Республика күні – өткенге тағзым, бүгінге – тағылым, ертенге – сенім!

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ