ДИКТОР: Көкшетауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Өңірдің 120-ға жуық ауыл шаруашылық тауар өндірушісі сауда алаңына табиғи өнімдерін ұсынды. Дәстүрге айналған шараның мақсаты – халықты сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.

РКС: Жәрмеңке аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 процентке төмен бағамен ұсынды. Сауда сөрелеріне ет және сүт өнімдері, бал, көкөніс, нан-тоқаш және басқа да ең қажетті азық-түлік түрлері қойылды. Мәселен, Қосшы қаласынан келген кәсіпкер Евгений Лавров – «Нива» шаруа қожалығының иесі. Көкөніс өсірумен айналысатын бұл қожалық жәрмеңкеге өз өнімдерін ұсынып отыр.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЛАВРОВ, КӘСІПКЕР: Жәрмеңкеге картоп, асқабақ, қызылша, сәбіз, қырыққабат сияқты өнімдерімізді әкелдік. Барлығы өзіміздің «Нива» шаруа қожалығының өнімі. Бағаларына келетін болсақ, картоп – 140 теңге, сәбіз бен қызылша – 150 теңге, қырыққабат – 125 теңге, ал асқабақ – 325 теңгеден сатып жатырмыз.

БЛИЦ-СҰХБАТ: Қаламызда осындай жәрмеңкелердің ұйымдастырылып тұратынынан қуаныштымыз. Себеі тиімді бағамен азық-түлік өнімін алуға мүмкіндік береді. Мәселен, бұл жәрмеңкеде мен сиыр етін алдым.

- Қаламызда өтетін жәрмеңкелерді жібермейміз. Керек нәрсенің бәрін аламыз. Ұйымдастырушыларға рахмет!

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Негізінен енді қазір байқап отырмыз. Халықтың сұранысы мына ет өнімдеріне. Бағасын көріп отырсыздар, сиыр еті 3100 теңгеден, жылқы еті 3000 теңге және қой еті 2900 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл таңғы сағат жетіден басталды. Қала тұрғындары әлі саябырсыған жоқ, әлі күнге дейін тоқтаусыз саудалары.

РКС: Жалпы жәрмеңке барысында 210 тоннадан астам өнім саудаланды. Сауда-саттық шарасы қала тұрғындарын қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ