ДИКТОР: Көкшетауда «Бірлік» мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігінде ашық есік күні және жаңа шеберхананың ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қорғау саласының өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасында өзара түсіністік пен конструктивті диалогты дамыту.
РКС: Шара барысында қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен оларды қоғамға бейімдеу мәселелерін талқылады. Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова жаңа шеберхананың маңыздылығын атап өтті.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қоғам базасында жаңа шеберхана ашылды. Оған ұзақ дайындық жүргізіліп, меценаттар да атсалысты. Бүгінде ұйым ішінде түрлі бағыттар бойынша шамамен 10 жаңа жұмыс орны ашылды.
РКС: Шара барысында Астрахан ауданының тұрғындары бейнебайланыс арқылы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының көшпелі қызметінің жоқтығын көтерді. Мамандар соңғы рет бұл өңірге екі жыл бұрын келген. Содан бері мүмкіндігі шектеулі жандар тексеруден өту үшін Көкшетауға өздері баруға мәжбүр. Соның салдарынан көпшілігі қажетті құжаттарды уақытында рәсімдей алмай жүр.
СНХ: КҮЛЗАЙРА АЙМУРЗИНОВА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл мәселені басшылықпен талқылаймыз. Жыл соңына дейін аталған мәселені шешеміз деп ойлаймын.
РКС: Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ортақ сұрақтар мен ұсыныстарды жинақтап, оны тиісті органдарға жолдауға келісті. Мұндай іс-шаралар бар мәселелерді анықтап қана қоймай, олардың нақты шешу жолдарын табуға да мүмкіндік береді, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ