ДИКТОР: Көкшетау қаласында 700-ден аса қарт әлеуметтік қызметкердің көмегіне жүгінеді. Қарияларға үй шаруасына көмектесіп, дүкен, дәріханаға барып қолұшын беріп жүрген 104 әлеуметтік қызметкер бар.
РКС: 5 баланың анасы Бағила Құрманқұлованың әлеуметтік қызметкер болып еңбек етіп жүргеніне 11 жылдан асқан. Ол Көкшетау қаласы бойынша 8 қарияға көмектеседі. Қарт адамдардың үйлерін жинастырып, дәріханаға барады, дүкеннен азық-түлік әкеліп, дәрігер қабылдауына жазады. Ең бастысы қарт адамдармен әңгімелеседі. Олардың ішкі жан дүниесіне үңіледі.
СНХ: БАҒИЛА ҚҰРМАНҚҰЛОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: Олардың әрқайсына подход керек. Бұл кісілерге біздің көмегіміз өте қажет. Ол кісілер айтады біздің құлағымыз, көзімізсіздер, қолымсың деп айтады. Мен Балкеш ападан бала тәрбиесі туралы көп сұраймын. Ол кісі маған көп айтады бар білгенін. Күтеді, кейде кешігіп қаласың ғой бір 5 минутқа звонок келеді қайда жүрсін? деп. Автобус күтіп қаласын сонда күтіп қалады. Бір-бірімізге күшті бауыр басып қаламыз. Өзіміздің туған әке- шешеміздей қараймыз ол кісілерге.
РКС: Көкшетауда әлеуметтік қызметкер көмегін алатын тұрғындардың бірі жасы 90-ға таяған Өтелбай ата мен Балкеш апа.
СНХ: БАЛКЕШ ЕЛБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әрине біздей қарттарға қартайған шақта көмекші керек екен. Балалар өсті балалардың өздерінің немерелері бар. Әр жақта, әр қалада тұрады. Немерелер есейіп шет мемлекетке кетті. Сондықтан әлеуметтік саладан маған көмекші деген өте тапсырмас нәрсе. Өтекен 90 келсе де мен 80 келсем де әлі де өмірмен қоштасу қиын. Әлі де тұра тұрсақ екен, немерелер бар шөберелер бар. Олардың қызығын қызықтай тұрсақ екен дейміз. Оның барлығы қоғамға байланысты заманымыз тиыш болып, тоқ болсақ, күтетін жас болса өлетін кәрі жоқ деген сөз бар ғой.
РКС: Светлана Бадактың жасы 90-да. Өткен жылы қатты ауырып, үй шаруасын атқару қиынға соққан. Әлеуметтік қолдау мекемесіне қоңырау шалып, оған бірден әлеуметтік қызметкерді бекітеді.
СНХ: СВЕТЛАНА БАДАК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір үй шаруасын ақырындап өзім атқарып жүрмін. Жақында келіп жүрген қызметкер терезелерімді жуып берді. Мысалы еден жуу маған қиын. Әлеуметтік қызметкер көмегін аямайды. Ең бастысы бізге әңгіме дүкен керек. Менің араласатын адамдарым өте көп. Өмірде әлі де белсендімін.
РКС: Әлеуметтік қызметкер бір адамға 1 жарым сағат уақыт бөледі. Көкшетау қаласы бойынша 700-ден аса адам әлеуметтік қызметкердің көмегіне жүгінеді. Оларға 104 маман көмек қолын созуда.
ИНТЕРШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ