ДИКТОР: «Қазақстан халқына» жобасы шеңберінде Балкашино ауылындағы нөмірі бірінші мектепке 245 миллион теңгеге жиһаз бен техниканың біршама бөлігі жеткізілді. Аталған білім ошағының 30 кабинеті енді заманауи техника және құрал-жабдықтармен қамтылады.

РКС: Сандықтау ауданы бойынша «Қазақстан халқына» қорының есебінен 3 шағын мектепке фунционалды кабинет келді. Оның бірі Балкашинодағы нөмірі 1 мектеп. Мұнда телестудия, арт-студия, интеллектиум кабинеттері, парта, орындық, интерактивті тақталар, компьютер тағы көптеген жиһаз бен құралдар жеткізілді.

СНХ: ГҮЛНАР ҚАДЫРОВА, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Сандықтау ауданы бойынша бізде 26 мектебіміз бар. Биыл «Қазақстан халқына» қорынан бізге бірнеше жабдықтар келіп жатыр. Соның ішінде 3 шағын мектепке функционалды кабинет келді. Оның арасында парталар бар, интерактивті оборудование бар, көптеген стэндтар бар. Мұғалімдерге ең керек жабдықтар бар.

РКС: Білім ошағындағы 30 кабинетке заманауи техника және құрал жабдықтар қойылатын болады. Жаңа қондырғылар мен оқу құралдарын орналастыру бірер күнде толық аяқтауы тиіс.

СНХ: ГҮЛАЙЫМ ҚҰРМАНБАЕВА, МҰҒАЛІМ: Көріп тұрғандарыңыздай бұл мектептің кітапханасы. Жаңа жабдықтар, жаңа үстел, орындық бар. Осы жоба оқушыларымыздың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік береді. Тек қана мектебіміздің оқушылары ғана емес, ата-аналар үлкен алғыс білдіріп жатыр.

РКС: Білім ошағында бүгінде 500-ден аса оқушы білім алуда. Аудан бойынша 2 мектеп биыл күрделі жөндеуден өткен. Биыл жаңа оқу жылында аудан мектептеріне 16 жас маман жұмысқа келген.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ