ДИКТОР: Егін ору науқаны аяқталуға жақын. Биыл ақмолалық диқандар 7,1 миллион тоннаға жуық астық жинап, рекорд орнатты. Бұл - өңір тарихындағы маңызды көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақмола облысына жұмыс сапарымен келіп, аталған жетістікке жоғары баға берді. Министр мен облыс әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданының Шуйское ауылында аграрлық сала өкілдерімен кездесті. Жиында биылғы орақ науқанының алдын ала қорытындылары шығарылып, мемлекеттік қолдау шаралары мен ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.
РКС: Жиынды ашқан аймақ басшысы биылғы егін жинау науқанының барысына тоқталды. Оның айтуынша, ағымдағы жылғы астықтың көлемі де, сапасы да өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
ГРАФИКА: Егін жинау науқаны 94 процентке аяқталды. Облыс диқандары 7,1 миллион тонна астық бастырды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерден асты. Жиналған өнімнің шамамен 75 проценті үшінші сыныпты астыққа жатады. Биылғы меже – 7,4 миллион тонна дәнді және 650 мың тонна майлы дақыл жинау.
Жиналғаны: – 94%
орташа өнімділік – гектарына 16,1 центнер
жиналған астық – 7,1 млн тонна
75% – 3-сынып
Меже: 7,4 млн тонна дәнді дақыл
650 мың тонна майлы дақыл
РКС: Облыста дәнді дақылдарды жинау жұмыстарын қазанның 20-сына дейін, ал майлы дақылдарды айдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Әрине, бұл ауа райына байланысты болмақ. Биылғы өнім соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болатыны атап өтілді. Бұл – ақмолалық диқандардың тынымсыз еңбегінің және мемлекеттің жан-жақты әрі уақытылы қолдауының жемісі екенін облыс әкімі Марат Ахметжанов ерекше атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Теқ қана «Қен дала-2» бағдарлама бойынша біздің бір мыңға жуық ауыл шаруашылық қожалықтары 118 млрд тенге жеңілдетілген несие алдық. Және бүгінгі күнге 54 миллиардқа лизинг бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық қожалықтары өздерінің техникасын жаңартуға сондай мүмкіндік алды. 2023-ші жылмен салыстырғанда 3 есе жерге тыңайтқыштарды көбірек салдық. 94 мың тонна арзаң бағамен жағармай алынды. Соның бәрі әрине бүгінгі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік тұғызып отыр. Әрине, біздің диқандардың да жанқиярлық енбегі бар, оны да айтып кетейік.
РКС: Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі биыл елдің аграрийлері сала тарихындағы ең ірі көлемде — шамамен 1 триллион теңге жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізгенін атап өтті. 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын субсидиялауға өтінім қабылдау басталды. Кепіл мүлкі жеткіліксіз шаруаларға «Даму» қоры арқылы мемлекеттік кепілдеме берілуде. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытуға арналған жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр. Ендігі міндет – жергілікті атқарушы органдардың әрбір ауыл шаруашылығы құрылымына мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты толық жеткізуі, – деді министр.
СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Біз тыңайтқыш алу тәртібін шаруаларға барынша ыңғайлы еттік: 40 пайызын төлейсіздер, қалған 60 пайызы субсидия ретінде арнайы шоттарға аударылады. Айтпақшы, бүгінде Ақмола облысы бойынша зауыттың шотында әлі де 1 миллиард 200 мың теңге бар. Қазір астық сатылып жатыр, неге келесі жылға тыңайтқышты қазірден сатып алмасқа? Өкінішке қарай, кейбір шаруалар біздің бағдарламаларымыз туралы толық білмейді, әсіресе ауыл-аймақтарда. Сондықтан бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарын аудан және ауыл әкімдері жүргізуі тиіс. Агроқұрылымдар осы бағдарламаларға қатысып, сапалы тұқым, тыңайтқыш, гербицид сатып алып, техникасын жаңартуға мүдделі. Сол себепті бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін әрбір шаруашылыққа жеткізу — аудан мен ауыл әкімдерінің басты міндеті.
РКС: Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жедел шешімді қажет ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, форвардтық келісімшарттар бойынша астық тапсыру, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы және элеваторларда астық сапасын әділ анықтау тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштарды енгізу нормалары да сөз болды.
СНХ: АЛЕКСАНДР ЗАКУСИЛОВ – ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ: Биыл біздің шаруашылықтар гектарына 41 және 35 центнерден өнім алды. Белгіленген нормаға сәйкес, біз тыңайтқыштарды гектарына 25–30 центнер өнім есебінен енгіздік. Ал келесі жылы дәл осы нормамен тыңайтқыш алсақ, ілгерілемейміз, керісінше, кері кетеміз. Себебі жердің құнарлылығының бір бөлігін биыл пайдаланып қойдық, енді оны қайта қалпына келтіруіміз қажет. Сондықтан менің ұсынысым – интенсивті егіншілікпен айналысатын шаруашылықтар үшін тыңайтқыш нормасын өткен жылғы өнім көлеміне қарай есептеу мүмкіндігін қарастыру. Әйтпесе, бізде өнімді арттыруға мүмкіндік болмайды.
СНХ: НАЗГҮЛ ХАТЕПОВА – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ЕГІНШІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жыл сайын өнім көлемі артқан сайын, жерден алынатын қоректік заттардың да мөлшері көбейіп келеді. Осы мәселені біз өткен аптада қарастырдық. Нәтижесінде күзгі жерді жырту жұмыстарына қосымша гектарына 179 килограмм тыңайтқыш енгізу мүмкіндігін қарастырдық. Яғни, күзде топырақтағы қоректік заттардың орнын толтыруға болады. Қазіргі таңда өтінім қабылдау мерзімін 1 қарашаға дейін ұзартамыз. Осылайша, аталған мәселе толық шешімін табады.
РКС: Аграрийлердің сұрақтарына облыс әкімі мен ауыл шаруашылығы министрі, сондай-ақ тиісті құрылымдардың өкілдері жауап берді. Шаруалардың ұсыныстары алдағы уақытта салалық бағдарламаларды әзірлеу кезінде ескерілетіні айтылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ