ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында ХVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын барысында өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды. Пленарлық отырысқа отандастарымыздан бөлек, ТМД елдерінен жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен адъюнктілері қатысты.

РКС: Күн тәртібінде өрт қауіптілігін төмендетуге бағытталған ғылыми зерттеулер, апаттық-құтқару жұмыстарын уақтылы жүргізу факторлары көтерілді. Шараға профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен академия курсанттары қатысты.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Конференция жұмысы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы ғылым мен тәжірибенің дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби байланыстарды одан әрі дамыту. Мұндай ғылыми жиындар тәжірибе алмасуға, ғылыми идеяларды ілгерілетуге және ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға бағытталған практикалық шешім. Әзірлеуге арналған маңызды алаң болып табылады. Барша конференция қатысушыларына шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер, жемісті пікірталастар мен абыройлы еңбектеріңізге толағай.

РКС: Жиын екі секция бойынша өтті. Онда төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі мен мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Ғылыми жиында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің ерлігі мен педагогикалық еңбегі де кеңінен сөз болды.

СНХ: СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Өзінің қаһармандығымен, ерлігімен, бастамашылдығымен, стратегмен Кеңес Одағы батыр соғыстан кейін педагогиялык 1950 ректоры болған кезінде Біз Педагогика, Филология ғылымдардың дамуына ерекше үлес қосты, әсіресе Орта Азия мен Қазақстан бойынша, сондықтан да Кезінде КСРО көлемінде бүкіл КСРО ның октябряттары, пионерлері, комсомолдары, еңбекшілері, қайраткерлері барлығы да Әл Ғабдуллиннің ақылы кеңесі тұрады. Еш уақытта өзінің Ақылын, білімін, қызметін аямаған сондай бір жомарт кісі еді. бүгінгі конференцияда Мәлік Ғабдуллиннің қаһармандығы, педагогика еңбегі жазушылығы, ол әскери мемор, ол әскери оратор Ғабдулдың бірнеше қырлары осы конференцияда қарастырылды.

РКС: Конференция қорытындысы бойынша бірлескен ғылыми жиындарды жалғастыру және ғылыми-оқу саласында шығармашылық байланыстарды кеңейту туралы шешім қабылданды. Шара барысында айтылған ұсыныстар Академияның оқу процесіне енгізілмек.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ