ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жеңістің 80 жылдығына арналған сегізінші республикалық ән фестиваль өтті. Оған Астана, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Қостанай қалаларынан және Ақмола облысынан келген шығармашылық ұжымдар қатысты.
РКС: Фестивальге 14 шығармашылық ұжым, яғни 130-ға жуық әртіс қатысты. Байқау төрт номинация бойынша өтті: әнді өзге этнос өкілінің мемлекеттік тілде орындауы, үздік солист, үздік дуэт және үздік ансамбль.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ИРИНА ОВРАМЕНКО, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ): Бұл фестиваль жыл сайын өткізіледі, пандемияға дейін де оған қатысқан болатынбыз. Ал қазір оның қайта жалғасқанын қуана естідік. Номинациялар саны да артқан. «Саржайлау» – қазақ тіліндегі менің ең сүйікті әнім. Себебі ол менің туған өлкемді, қазақ даласы мен тауларының бейнесін сипаттайды. Бұл – менің Отанымның символы. Сондықтан да мен бұл әнді қазақ тілінде үлкен ықыласпен орындадым.
РКС: «Песня – душа народа» республикалық ән фестивалінің басты мақсаты қатысушылардың шығармашылық әлеуетін көрсету ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығының маңызын айқындау. Бұл шара этнос арасындағы өзара түсіністік пен келісімді дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Дәл осы идеяларды Қазақстан халқы Ассамблеясы отыз жыл бойы жүйелі түрде ілгерілетіп келеді.
СНХ: СЫРЫМ БЕГЕН, «ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ» ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі күніміз мінекей ассамблеяміздің 30 жылдығына орай әртүрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілде әң шырқап, өнер көрсетіп жатыр, және де ол бүгін үлкен баға берілуде. Сонымен қатар бүгінгі күн осыны мерекемен шайқалуда.
РКС: Көрермендер әрбір әртісті жылы ықыласпен, зор қуанышпен қабылдады. Залдағы атмосфера шын мәнінде мерекелік күйге бөленді.
СНХ: ЛЮБОВЬ ШЕВЧЕНКО, КӨРЕРМЕН: Біз Щучинск қаласынан келдік, сахнада біздің құрбыларымыз өнер көрсетіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Зейнеткер болғанымызға қарамастан, осында болуға мүмкіндік жасаған әкімге және барша ұйымдастырушыларға үлкен рахмет.
РКС: Шара соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ