ДИКТОР: 1990-шы жылдары Қазақстанның тәуелсіз ел болған тарихы басталды. Міне, биыл «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның қабылданғанына - 35 жыл! Осы жылдар аралығында қазақтың алтын тамыры, ұлттық рухтың қайнар көзі ауылдар мемлекеттің жүйелі қамқорлығының арқасында түтіні түзу шығып, көркеюде. Соның бірі - Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылы. Елдімекеннің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан әріптесім Лаура Дәулетбектің бейнематериалына назар аударайық.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қаражар ауылында 7 мыңға жуық адам тұрады. Тұрмысы тамаша елдімекенде тұрғындар саны жыл сайын өсуде. Елордаға жақын болғандықтан көбінесе адамдар қаладан қоныс аударады екен. Бұған себеп - елдімекенде барлық жағдай жасалған.
СНХ: НҰРДӘУЛЕТ ТАШМАТОВ, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: 1 жылдың ішінде Қаражар ауылы жақсы дамыды деп айтуға келеді. Себебі, 1 жылдың ішінде осы әкімдік өз алдына ауыл болып ашылғаннан бері электрмен жабдықтау жұмыстарын толығымен аяқтадық. Одан бөлек, көше жарықтарын тарту, инфрақұрылымды жетілдіру бойынша біз жан-жақты жұмыстар істеп жатырмыз. Одан бөлек, мынау спорттық балалар алаңдарын салуға біз жобалық құжаттарын дайындап жатырмыз. Одан бөлек, жолдарды жөндеуден өткізу. Яғни, асфалт салу жұмыстары келесі жылы басталады егер барлығы ойдағыдай болса. Оған біз жобалық-сметалық құжаттарын дайындадық. Мемлекеттік экспертизадан өткізіп, барлығын дайындап қойдық.
РКС: Қаражар ауылында 2 білім ошағы бар. Соның бірі былтыр ел игілігіне берілген жайлы мектеп. Білім ошағында 500-ге жуық бала оқиды.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Біздің түсірілім топ қазір Қаражар ауылындағы жайлы мектеп білім ошағында тұр. Таңның атысымен ауыл балалары мектепке келіп жатыр. Жалпы, білім ошағының білім сапасын қандай? Қауіпсіздік ережелері сақталады ма? Бірге білетін болайық.
СНХ: ЕРЛАН ЖАҚЫПОВ, ҚАРАЖАР МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтырғы оқу жылы білім сапасы 62,2 пайызды құрады. Мектебімізде мұғалімдер талаптарға сай жасанды интеллектіні белсенді қолданады. Мектебімізде домбыра, роботехника, театр, ұлттық ойындар, хореография, спорттық секциялар жұмысын жасап жатыр. Мектебімізде оқушыларымыздың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінеді. Арнайы күзет фирмасымен келісім-шартқа отырғызылған. Сонымен қатар, мектепке кіретін жерде турникеттер және бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 36-сы сыртқы, 87-сі іште орнатылған. Сонымен қатар, екі вахтерымызда мектебіміздің кіреберісінде келген, кеткен адамдарды бақылап отырады.
СНХ: АЙНА НҰРПЕЙІСОВА, ҚАРАЖАР МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мектеп маған қатты ұнайды. Біз асханада жақсы және дәмді тамақты жейміз. Көп білімді ала-аламыз. Бәрі бар. Спорт зал үлкен. Кіші де бар.
РКС: Қаражарлықтардың негізгі кәсібі мал шаруашылы мен сүт өнімдері. Ал, зейнетке шыққан аға буын өкілдері немере, шөбере сүйіп, қызығын қызықтап отырған жайлары бар.
СНХ: КҮЛШАРА МҰСТАҚИЕВА, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен осы ауылда туып өскен адаммын. Қазір пенсиядамын. Мына баламды оқытамын, мектепке апарып, әкелемін. Міне ауылымыз көркейіп жатыр. Бұрындары жолдар жоқ та, светта жоқ та. Барлығы қазір келіп жатыр. Даже қазір міне қоқыс шығартын жағдайға жетіп жатырмыз. Оған да қуанып отырмыз. Сол ауылдың қуанышына қуанып, баламызды өсіріп отырамыз осылай.
РКС: Елдімекен мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру кешендерін салып, елдің еңсесін тіктеуге тырысты. Түрлі үлгідегі бұл шаралар әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Осыдан-ақ, Қаражар ауылының дамып, гүлденуін байқауға болады. Мұнда керектінің бәрі бар. Тіпті, қала ма дерсің.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.