ДИКТОР: Дәлдік, егжей-тегжейге назар аудару және күрделі техникалық процестерді түсіну, мұның бәрі техникалық жабдық дәнекерлеушісі жайлы айтылған. Бұл қызметте асығыстыққа жол жоқ.Әрбір ұсақ-түйек бүкіл механизмнің жұмысына әсер етеді-дейді дәнекерлеуші Нұралы Есімов. Көкшетаудағы " ЕНКИ " кәсіпорнында 10 жылдан астам жұмыс істейді. Алайда, ширек ғасыр ол саналы ғұмырын ауылдағы еңбекке арнады.

РКС: Нұралы Есімов Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданының тумасы. 30 жылға жуық Чкалово ауылында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеді, кейін отбасымен Көкшетауға көшіп келді. Керамикалық кірпіш шығаратын құрылыс зауытына жұмысқа орналасты. Алғашқы бетте біраз қиындық болғанын жасырмаймын,-дейді кейіпкеріміз. Ең бастысы сұранысқа ие дәнекерлеуші болуды мақсат еткен.

СНХ: НҰРАЛЫ ЕСІМОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ: Құрал-жабдықтар үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін біз кез келген ақауды уақытылы жөндеуіміз керек. Сондай-ақ, бөлшектерді жасау, ескісін алып, жаңасын орнату жұмыстары да біздің міндетіміз. Токарьлар мен фрезершілер балғалар жасайды, біз оны өлшеміне келтіріп кесеміз.

РКС: Бұл мамандық тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар еңбекті құрметтеуді де талап етеді. Мұнда кездейсоқ адамдар жоқ, бұл жерде тек өз жұмысын шынымен жақсы көретіндер ғана қалады. Нұралы Есімовтің еңбегін әріптестері жоғары бағалайды. Сенім артуға болатын нағыз маман деп таниды.

СНХ: АЛМАЗ БИСИН, БАС МЕХАНИК: Осында қызмет етіп жатқандар өз ісіне жауапты, түсінушілікпен жұмыс істейтін мамандар. Олардың арасында Нұралы Есімов те бар. Еңбек өтілі көп, өз жұмысына тыңғылықты, зор жауапкершілікпен қарайды.

РКС: Нұралы Есімов, жұмыста еңбекқорлығымен ерекшеленсе, отбасында мейірімді ата. Ол бос уақытын отбасымен өткізгенді, оларға қамқорлық жасағанды жаны сүйеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.