ДИКТОР: Қазақстанның ерлік, рухани, мәдени асыл қазыналарын дәріптеу, қазақ халқы мен елін күрделі, қиын XVIII ғасырда біріктіріп, сақтап қалған ұлы Абылай ханның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу,оны жас ұрпаққа қаз-қалпына жеткізу мақсатында «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға тарихи мұраны зерделеуге бар жігерін жұмсап келе жатқан алыс-жақын шет елдің Америка, Стамбұл ғалымдарының еңбектері мен ғылыми-ұсынымдары қозғалды. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.
STАND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,ТІЛШІ: Тамырын тереңге жайған,сайының тасына дейін тарихтан сыр шерткен қазақ даласы түнба сырға толы. Түріктің ортақ атасы болған Тоныкөктің мынадай бір жазуы соңғы Абылай хан, Төле би мен Қазыбек билерге мемлекеттік басқарудағы ұстанымы болды. Яғни, Түркі халқын қалыптастыруда «Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген сөзі әлі күнге дейін тарихқа таңба басқандай алтын әріптермен жазулы.
РКС: Тоныкөк туралы мәліметтер негізінен Орхон-Енисей жазбаларында сақталған. Ол өзі туралы көне түркі жазуында тасқа қашап жаздырған. Бұл жазбалар – түркі халықтарының ежелгі тарихынан сыр шертетін баға жетпес мұра. Қазақ хандығының ең көрнекті хандарының бірі, мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы және көреген дипломат ретінде Абылай хан өз мемелекеттік саяси жетекшілік билігінде Тоныкөктің ұлы сөздерін бағдаршам ретінде ұстанған. Бүгінгі конференцияға жиналған ғалымдардың да айтары да осыған келіп саяды. 5 рет жолға шыққан экспедицияның негізгі мақсаты – тарихты жаңғырту және жастардың бойына ұлттық, ерлік, рухын көтеріп, солардың бойына ерекше қасиет дарыту болды.
СНХ: МҰРАТ ҚАЖЫ ЫДЫРЫСҰЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Экпедицияны біз 2010 жылдан бастадық «Абылай ханның қара жолы» деген. Абылай-хан туралы жазылған өте көп еңбектер бар. Оның қайраткерлігі, мәмілегерлігі сондай бір қасиеттері бар жазылған топ-топ кітаптар бар. Бірақ Абылай ханның қара жолы туралы еш жерде дерек жоқ. Сол біздің мақсатымыз Абылай ханның жолын жаңғырту бойынша, 2018 жылдан бастадық «Абылай ханның қара жолы» деп, Абылай ханның жолын жаңғырту үшін оңтүстікке 2 рет сапар жасадық. Олардың енді тақырыптары «Абылай ханның қара жолын жаңғырту», Абылай ханның қара жолы, бетпақ дала және Абылай ханның қара жолы, Абылай ханның жорық жолы
СНХ: ӘБДІУАҚАП ҚАРА, ТҮРКІТАНУШЫ: Абылайханнан абыз Тоныкөкке дейін кон жобаның қандай мән-мағынасы бар десеңіз. Абылай хан өздеріңіз білесіздер айту қажет емес, мына қазақ хандығының ұлы хандарының бірі, бүкіл қазақтың басын қосқан, бүкіл қазақ түпкіл дүниесі тәу ететін үлкен тарихи тұлға. Ал енді Тоныкөк кім десеңіз түрік қағанатыңы абызы данышпаны. Екеуін тауып, үлкен жоба жасау үлкен тапқырлы. Өйткені, біздің тарихымыз тек қазақ хандығымен шектелмейді. Біздің тарихымыз тереңде жатыр. үш мың жыл бұрынғы сақтарға дейін барады. Бертін түрік қағанатына келіп тірелеміз. Бұл ұлы жоба тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихын апарып Тоныкөкке тіреп отыр.
РКС: Тоныкөктің ұлы еңбегі – түркі елінің тәуелсіздігін сақтап қалудағы саясаты мен әскери реформалары. Ол түркі халқын бірлікке үндеп, ата-бабалардың дәстүрін сақтау керектігін баса айтты. Өз заманында «күш – бірлікте» деген қағиданы ту етіп көтеріп, ел мен жерді қорғауда батырлық пен даналықтың үлгісін көрсетті. Шынында Абылай хан өз заманында көршілес Ресеймен ғана емес оңтүстігі мен шығысында жатқан Бұқар хандығы мен Шың империясымен де жақсы қарым-қатынаста болған. Қазақ елінің бір ту астына бірігіп, бірегей ұлт болуы жолындағы қажырлы еңбегі ұшан теңіз. Айта кетейік,конференцция барысында «Абылай ханның қара жолы» атты халықаралық экспедия жинағының тұсауы кесілді. Конференциядағы құнды деректер мен мазмұнды баяндамалар жасаған спикерлердің, экспедицияға үлес қосқан ғалымдардың еңбегі бағаланыпп, оларға арнайы сый-сыяпат жасалды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ