ДИКТОР: Ақмола облысының жас дарындары халықаралық деңгейде тағы да жарқ етті. Көкшетаудағы №20 мектеп-гимназиясының оқушысы Асхат Әлжанов Түркияның Анталия қаласында өткен Еуразиялық робототехника сайысында жүлделі ІІ орынға ие болды. Тілшіміз Сәния Есімсейітова жүлдегермен кездесіп қайтты.
РКС: Сәуірдің 18-і мен 19-ы аралығында Анталия қаласы болашақ робототехниктердің басын қосқан орталыққа айналды. Халықаралық додада Еуразия елдерінен келген үздік командалар бақ сынады. Қазақстан атынан қатысқан «Кокчikago» командасының мүшесі Асхат Әлжанов дрон ұшыру санаты бойынша жүлделі екінші орынды иеленіп, ел мерейін үстем етті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ОЛЖАС АЯПБЕРГЕН, АСХАТ ӘЛЖАНОВТЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Осы командамен жайлы мектеп ашылғалы бірінші сайысымыз Республикалық Fibonacci сайысы болған Астана қаласында Назарбаев университетінде. Ол жерде біздің балалар жүлделі орын алды. Жалпы біз реле дрон санаты бойынша қатыстық. Дрондармен біз бұған дейін қатыспағанбыз. Бұл біздің бірінші тәжірибеміз. Сол жерде біз Түркияға жолдама алғанбыз. Жалпы ол жарысқа 500-ден астам команда қатысты. 11 мемлекет қатысты. Сол жерде Қазақстанның атынан бізде Асхат қатысты.
РКС: Асхат Әлжанов 7-сынып оқушысы. Балғын өнертапқыш дронды қашықтан басқару техникасы мен жарыс тактикасын сәтті үйлестіре білді. Бұған дейін де республикалық деңгейдегі жобаларға қатысып, жүлделі оралған еді. Жобаға 3 күн ғана дайындалдым. Егер біраз уақыт болғанда жеңіске жететінін едім",- дейді.
СНХ: АСХАТ ӘЛЖАНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ: Бәсекелестік мықты болды, соның өзінде де жетістікке жеттім. Осы жарыстарда 1, 2 және 3 орындарға ие болғандар одан әрі - Италияға барады. Онда қараша айында халықаралық жарыс өтеді. Амандық болса лайықты нәтиже көрсете аламын деп үміттенемін.
РКС: Осылайша Асхат Италияның Рим қаласында өтетін Халықаралық финалға жолдама алды. Бұл сайыс – әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік жас өнертапқыштардың басын қосатын маңызды дода. Әлемдік деңгейде Қазақстанның намысын қорғау - үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ