ДИКТОР: Сайын дала төскейіндегі Степногорск қаласында кеше Кеңес кезеңінде бірнеше заманауи спорт кешені салынған болатын. Соның арқасында әлемге танымал ондаған спорт тарландары түлеп ұшты. Осынау үрдіс өзінің жалғасын табуда.
РКС: Қаңтар айының соңында пайдалануға берілген «Тарлан» дене шынықтыру және спорт кешені көпшідіктің жиі келетін орнына айналды.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бұл заманауи спорт кешені.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЙДОС ТӘТТІБЕК, БАПКЕР: Волейболға 50 шақты бала келіп жүр. Олар қаламыздың бірнеше мектебінің оқушылары. 12-16 жастағы жасөспірімдер. Негізінен волейболды қыздар жақсы көреді. Кешке жұмыстан соң ардагерлер, әкімдік қызметкерлері, жұмысшы жастар жаттығады. Залымыз кең де жарық.
РКС: Заманауи спорт кешенінің есігі жергілікті тұрғындар үшін айқара ашық. Степногорск қаласының төңірегіндегі елдімекендердің мектеп оқушылары да өздері қалап алған спорт түрімен айналысып жүр.
СНХ: ЖАНАСЫЛ САБЫРҰЛЫ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қаламызда Қажымұқан атындағы спорт сарайы жастар орталығы тұрақты жұмыс істейді. Биыл пайдалануға берілген «Тарлан» спорт кешенінде күрес, бокс, волейбол, футбол, тренажер залдары бар. Бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік жасалған. Осы кешеннің жанында жасыл жамылғылы футбол алаңы салынды. Қорыта айтқанда, қаламызда бұқаралық спорт дамып келеді.
РКС: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайда бұқаралық спортты дамыту жөнінде тапсырма берді. Бұл игілікті іс өндірісті Степногорск қаласында жүзеге асуда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.