ДИКТОР: Елімізде алғаш рет маңызды мәдени мереке — Ұлттық кітап күні биыл ресми түрде аталып өтуде. Бұл мереке рухани құндылықтарды дәріптеп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды мақсат етеді. Осы атаулы датаға орай аймақ басшысы Марат Ахметжанов Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы барып, мерекелік шараға қатысып қайтты.

РКС: Алдымен облыс әкіміне арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Бұдан соң ол кітапхана бөлімдерінің жұмысымен танысты. Былтыр мұнда жазушы, драматург және ақын Төлеген Қажыбайдың құрметіне арнайы кабинет ашылған. Кездесудің негізгі бөлігі Сәкен Жүнісов атындағы конференц-залда жалғасын тапты. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов барша ақмолалықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, бұл мерекенің қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарды насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Кітаптың адамзатын қалыптастыруға, адамзатын болашаққа жетектелеуге бір үлкен септігі бар. Сондықтан осы мереке құтты болсын. Біз үлкен кітапханаларға көңіл бөлеміз. Кеше ғана осы Қосшықаласында үлкен заманауи орталық ашылды. Сол жерде Қазақстанда әлі теңдесі жоқ кітапхана ашылды.

РКС: Бұдан соң облыс әкімі Марат Ахметжанов кітапхана басшылығына кітаптар табыстады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көп-көп рахмет қолдауларыңызға. Қолдауларыңыз керек бізге. Өйткені бұл кітапхана деген ең алдымен парасаттың ордасы. Қаншама балалар, жүректері таза сәбилер оқитын жер.

РКС: Облыс әкіміне де «Абылай ханның қара жолы» атты кітаптың III-ші томы табысталды. Шара соңында «Ән ордасы – Көкшетау» антологиясы аясында жарық көрген кітаптардың таныстырылымы өтті.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АПАРАТ