ДИКТОР: Атбасар ауданында Крупник әулеті тұрады. Олар ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Қазір әулеттің үшінші ұрпағының өкілі Денис те атасы мен әкесінің ізін жалғап, механизатор болып жұмыс істеп жатыр. Әулеттің орта буынымен тілшіміз жүздесіп қайтты.
РКС: Денистің атасы Петр Крупник Украинадан қазақ жеріне 50-ші жылдардың басында тың жерлерді игеруге келген. Механизатор, кейін бригадир болып жұмыс істеді. Ал әкесі Владимир де әскери борышын өтеп келгеннен кейін Покровка ауылындағы фермада механизатор болды. 2019 жылы сол жерден зейнет демалысына шықты.
СНХ: ДЕНИС КРУПНИК, МЕХАНИЗАТОР: Атам 70-ші жылдары Покровкада бригадир болып жұмыс істеді. Әкем 20-25 жыл алдымен қойшы болып жұмыс істеді. Механизаторлыққа кейін барды. Алғашқы беттен жақсы нәтиже көрсетіп жүрді. Мен де әскерден кейін жұмыс істеуге қайда барсам деген сұрақ туындады. Әкем механизатор болсаң қайтеді деді. Осылайша жұмыс істегеніме де 23 жыл болып қалды. Жұмысым өзіме ұнайды. Басқа салаға бару ойымда жоқ. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткенді жақсы көремін.
РКС: Түрлі техниканың тілін меңгеріп алған. Жұмысына мығым. Өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Жұмыстастарының арасында сыйлы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіріп тұрады.
СНХ: САЙДОЛЛА ҚАЙЫРЖАНОВ, МЕХАНИЗАТОР: Покровкаға көшіп келгеніме 18 жыл болды. Денис еңбекқор, жұмысты жақсы орындайды. Бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Ол ауырып қалса, мен оның орнына жұмыс істеймін. Кейде ол мені ауыстырады. Алғашында менің шәкіртім болды. Серіктесіме ризамын. 20 жылдай бірге жұмыс істеп келеміз.
РКС: Денис бірнеше рет серіктестік басшылығынан, аудандық деңгейде де көптеген грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Өзін адал әрі еңбекқор жұмысшы ретінде көрсете алды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.