ДИКТОР: Көкшетаудағы сауда павильондарының 70 проценті рұқсатсыз жұмыс істейді. Уәкілетті органдар бір ай көлемінде жобалық кодекске сәйкес келмейтін нысандарды және арнайы жер құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлерді анықтау мақсатында рейдтер жүргізуде.

РКС: Былтыр Қазақстанда біртұтас стиль жасау үшін дизайн кодексі бекітілді. Онда ғимарат түсі, кіреберістердің дизайны, ғимараттардың кіре берісі, белгілерді орналастыру сынды белгілі бір тәртіп көрсетілген. Бірыңғай талаптар тек жаңа ғимараттарға ғана емес, қазірдің өзінде пайдалануға берілген нысандарға да қойылатын болады. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында жер теліміне рұқсаты жоқ 30 бөлшек сауда павильоны болса, оның 20-сы жеке жер пайдалану аумағында орналасқан. Ондай нысандарда санитарлық мекеме қорытындысы мен жер актісі жоқ.

СНХ: АҚАН АЯШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Дизайн кодексіне келетін болсақ, біз белгілі бір ғимаратты сәйкестендіру үшін 14 күн ішінде ескертеміз, бірақ негізінен бұл барлық павильондар, сонымен қатар оларға жарнамалар мен бизнес нысандарының қасбеттері кіреді. Сондай-ақ, оны сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкер қала құрылысының бірқатар процедураларын орындауы керек, жобасы сәулет бөлімімен келісуі керек, содан кейін сәулет бөлімі белгілі бір павильонның дизайынға сәйкестігін тексереді.

РКС: Облыс орталығында аптасына үш рет рейд жүргізіледі. Жауапты мамандар учаскелік полиция қызметкерімен бірге келіп, таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Егер талап орындалмаса, иесіне заң шеңберінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады және рұқсат етілмеген сауда үшін мұндай айыппұлдар күн сайын келуі мүмкін.

 МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.