ДИКТОР:Целиноград ауданының Қызылсуат ауылында жаңа полиция тірек пункті ашылды. Енді жақын маңдағы төрт елді мекеннің тұрғындарына құқық қорғау органдары көмек көрсетіп, ұдайы қорғап жүреді.

РКС:Заманауи нысан автономды пункт қағидаты бойынша салынған. Шағын болса да, учаскелік инспекторлардың қызметіне қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтылған. Мұнда азаматтарды қабылдауға да, күнделікті қызмет атқаруға да қолайлы жағдай жасалған. Енді Қызылсуат, Аққайың, Шұбары және Нұрлы ауылдарының тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ, өз ауылдарында полиция қызметіне жүгіне алады. Бұл әсіресе әрбір өтінішке жедел әрекет етуді талап ететін ауылдық жер үшін аса маңызды.

СНХ:ОРАЗБАЙ СӘЛМЕНОВ, ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Жергілікті бюджет есебінен бар болғаны бір апта ішінде осындай полиция тірек пунктін аштық. Нысан барлық талапқа сай салынған: ғимарат жылы, дыбыс оқшаулау жүйесі орнатылған, терезелерде қауіпсіздік торлары бар. Еңбастысы – учаскелікинспекторлар да, ауылтұрғындары да жаңа нысанға дән риза.

РКС:Ауылдық округте бес мыңнан астам тұрғын бар. Жаңа ашылған полиция тірек пункті ауыл халқының тыныштығын сақтап, қауіпсіздігін арттыруға сеп болады. Осындай нысандардың бой көтеруі – өңірде қоғамдық тәртіпті нығайту мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың маңызды бөлігі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ