ДИКТОР: 2015 жылы Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. Бүгінде еліміз бойынша орталық 20 жылдық мерейтойын тойлауда. Осы уақыт ішінде орталық бірқатар трансформациядан өтті. Бүгінде заман талабына сай өзгеріп, қызметтердің басым бөлігі онлайн форматта беріледі.
РКС: Көкшетауда халыққа қызмет көрсету орталығы 2006 жылдың 14-ші желтоқсанында ашылды. Алғашқы 200-ден астам қызметкер 158 мың қызмет түрін көрсеткен. Бүгінде орталықта мыңнан аса мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қызметтердің 95 проценті онлайн форматта беріледі. Орталық жоспарға сай халыққа тиімді жұмыс істеп, көпшіліктің ықыласына бөленуде.
СНХ: ЕРЛАН ДАУЫЛБАЕВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 20 жылда көп қызмет жасадық. Көп өзгерістер болды. басында біз тек қана қабылдаумен құжаттарды беру рәсімін жасағанбыз. Одан кейін транформация келе, қызметкерлеріміздің біліктілігі арта бастағаннан кейін үлкен-үлкен қызметтерге көштік. Қазіргі таңда 1200-ден астам қызмет түрін біз халыққа сапалы түрде көрсетеміз. Әр екінші облысымыздың тұрғыны туу куәліктен бастап, зейнетақыға жеткенше барлық қызмет түрлерін осы біздің халыққа қызмет көрсету арқылы өтеді. Халықта 20 жылда осыған бейімделді, үйренді.
РКС: Жиын барасында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мекеме жұмысымен танысып, мамандарды осыдай айтулы датамен құттықтады.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Баршаңызды Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының атынан халыққа қызмет көрсету ортылығының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы 20 жыл ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы миллиондаған азаматтардың сенімі ие болып, мемлекет пен халық арасындағы сенімді көпірге айналдыңыздар. Бұл жетістік сіздердің кәсибилік және жауапкершілік және елге деген шынайы қызметтеріңіздің белгісі.
РКС: Қазір халыққа қызмет көрсету орталығының аудандарда да бөлімшелері бар. Орталық алдағы уақытта да жаңа жобаларды қолға алып, халыққа қызмет көрсету түрлерін нағайтпақ. Жиын соныңда еңбегі еленген бірқатар қызметкер марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ