ДИКТОР: Өңірде тамақ өнеркәсібі, сауда және қоғамдық тамақтану нысандарына жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша60-тан астам санитарлық талаптың бұзылғаны анықталды. Мәселен, жыл басынан бері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары 80-нен астам нысанды - ірі өндіріс орындарынан бастап шағын дәмхана мен дүкендерге дейін тексерістен өткізді.

РКС: Мамандар 46 қоғамдық тамақтану орнына, 14 тамақ өнеркәсібі кәсіпорнына және шамамен 20 сауда нысанына тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша түрлі 66 заңбұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіні - санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы мен өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жоқтығы. Кейбір кәсіпорындарда өндірістік бақылау жүргізілмеген, қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өтпеген. Тіпті кей мекемелерде жұмысшылардың арнайы киімінің жоқтығы да белгілі болды.

СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық анықталған фактілер бойынша жедел шаралар қабылданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Сонымен қатар бір кәсіпкерлік нысанға үш миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.