ДИКТОР: Биыл Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылында он көшенің жолын жөндеу аяқталады деп жоспарлануда. Ауқымды жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары Қосшы қаласында да жалғасып жатыр. Тілшіміз жалғастырады

РКС: Жыл озған сайын Тайтөбе ауылының келбеті көркейе түсуде. Көшелерге жарық орнатылып, су жүйесі тартылуда, сондай-ақ орталықтандырылған газбен қамту және жаңа саябақты абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындар ауылдың тұрмысқа қолайлы мекенге айналып келе жатқанын айтуда. Әсіресе, енді тегіс әрі қауіпсіз көшелермен жүріп-тұру мүмкіндігіне ризашылықтарын білдіруде.

СНХ: ӘЙГЕРІМ МҰХАМЕТҚАЛИЕВА, ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жылдан жылға көркейіп жатыр, жолдан бөлек көше шамдарды орнатылды биыл, және су құбырларды тартып жатыр, газбен жабдықтау жұмыстары басталып кетті, және де саябағымыз пайда болды. Жылдаң жылға жақсарып жатыр, жақсы жаңалықтар барлық жерде болсын дейміз. Осылай ауылымыз көркейе берсін.

РКС: Тайтөбе ауылындағы жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарланған он көшенің негізгі бөліктеріне асфальт төселген. Бұл мақсатқа шамамен 500 миллион теңге қарастырылған.

СНХ: АЗАМАТ ҚАПЫШЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қоcшы қаласында жол жөндеу жұмыстары, жол құрылыс жұмыстары асырылуда. Мәселен Қосшы қаласында жол құрылысы жоба бойынша 10 шақты, нақты айтсақ, 12 көше биыл аяқтауға жақынбыз. Қазір біз Тайтөбе ауылындамыз. Тайтөбе ауылында жол күрделі жүндеу жобасы аясында 10 көше биыл бітуге жақын. Жалпы айтып өту қажет. Бізде бұл жобалар ол бір жылдық жобалар емес. Ол әлі жалғасуда.

РКС: Жаңа жолдардың салынуы, көшелерді жарықпен қамту және қоғамдық орындардың абаттандырылуы Тайтөбе мен Қосшының келбетін айтарлықтай жаңартып, оларды заманауи әрі өмір сүруге қолайлы мекендерге айналдырып келеді. Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ