ДИКТОР: Облыс аумағында құтқарушылар жолда қалып қойған автобустың жолаушыларын қауіпсіз жерге эвакуациялады. Көлікте Өзбекстан Республикасының 35 азаматы болған. Оқиға Бурабай ауданындағы Баянбай ауылының маңында орын алды. Астанадан Петропавлға бағыт алған автобус жол үстінде бұзылып қалған. Жүргізуші бірден құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, автобустағы жолаушыларды қауіпсіз жерге дер кезінде эвакуациялады. Барлық адам теміржол вокзалына жеткізілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек те қажет болмады.