ДИКТОР:Бүгін Көкшетауда қандастар үшін алғашқы республикалық ашық есік күні өтті. Шара қандастардың өзекті мәселелерін жедел шешу және оларға жан-жақты қолдау көрсетугебағытталды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС:Жиынға аудандар мен қалалар әкімдіктері, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, көші-қон, жер қатынастары және жұмыспен қамту салаларының өкілдері қатысты.Шара барысында қандастардың баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімделу сынды мәселелер талқыланды.

СНХ:ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жыл басынан бері қандас мәртебесі 390 отбасына берілді. Оның ішінде шамамен 700 адам. 84 отбасына, оның ішінде 240 қандасқа шамамен 66 миллион теңге сомасында көшуге субсидиялар төленді. 17 отбасына тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстар бойынша шамамен 5 миллион төленді. 59 отбасы еңбек мобильдігі сертификаты есебінен 230 миллион теңгеге тұрғын-үй сатып алынды.

РКС:Сондай-ақ биыл Қосшы қаласында қандастардың балаларын балабақшаға орналастыру және мектепке жеткізу мәселелері оң шешімін тапты. Бұланды ауданында мал шаруашылығын дамыту, ал Бурабай ауданында күнбағыс өсіру үшін жер телімдерібөлінді.

СНХ: ЖЫРҒАУ ТУҒАНБАЙ, «НҰРЛЫ КӨШ» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл республика көлемінде алғаш рет өтіп жатыр. Келешекте қандастар үйде отырып, мәселесін Zoom арқылы толығымен айтып шешкізуге үлкен мүмкіндік туды. Әр айдың 6-сы күні осындай ашық есік күндері өткізетін болып жатыр екен. Бұл қандастар үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

РКС:Алдағы уақытта мұндай ашық есік күндері тұрақты негізде өткізіліп, аймақтарда қандастардың әлеуметтік және экономикалық бейімделуіне тың серпін бермек. Ашық есік күні қандастардың елге сіңісуіне, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға жол ашты.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ