ДИКТОР:Қарашаның 3-інен бастап елімізде «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» ипотекалық бағдарламаларына өтінім қабылдау басталды. Алғашқы үш сағаттың ішінде «Наурыз» бағдарламасына 2 мыңнан астам өтінім түскен.
РКС:«Наурыз» бағдарламасынаөтінімтерді «Баспана Маркет» порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. Бүгіннің өзінде «Наурыз» бағдарламасы аясында 13 мыңға жуық өтінім келіп түскен. Оның 8 мыңға жуығы мақұлданған. Қатысушылардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Іріктеу баллдық жүйе арқылы жүргізіледі. Ал бағдарлама талаптарына сәйкес несие мөлшерлемесі азаматтардың әлеуметтік осал топтары үшін 7 процент, қалған азаматтарға 9 процент.
СНХ: ГҮЛМИРА МҰҚАНОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ: Бастапқы жарна таза әрлеудегі тұрғын үйді сатып алу үшін 10 процент. Ал әрленбеген тұрғын үйге белгіленген бастапқы жарна мөлшері 20 процент. Несиелеу мерзімі 19 жылға дейін. Несиенің ең жоғары сомасы Алматы, Астана қалалары үшін 36 млн теңге, қалған аймақтарда 30 млн теңге. «Наурыз» бағдарламасына есепшотында кемінде 2 млн теңгесі бар барлық азамат қатыса алады. Және соңғы 5 жылда баспанасы болмауы тиіс. Ал «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларында жұмыс істейтін жұмысшы кәсіп иелері қатыса алады. Олар өтінімдері оффлайн тапсыруы тиіс.
РКС:Өтінімдерді қабылдау желтоқсанның 1-іне дейін жалғасады. Айта кетейік, биыл бұл екі бағдарлама аясында 7 мыңға жуық азамат баспаналы болды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ