ДИКТОР:Кеше студенттерге арналған«Өз таңдауыңды жаса» атты презентациялық бағдарлама өтті.Бұл шара олардың дүниетанымына қалай әсер етті? Тілші баяндасын.

РКС:Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат – жаңа буынды қоғамдық ортаға қосуға алғашқы қадам жасау.Бұл бастама облыстағы жастармен жұмыс істейтін орталықтардың стратегиялық жоспары аясындағы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған.Алаңда қөңірдегі белсенді жастар өз бағыттары мен жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасты.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі күгі шараның мақсаты барлық жаңадан түскен жастарға, яғни жаңа толқынның барлық студенттеріне өздерінің алдағы уақытта студенттік өмірлерін бос уақыттарын пайдалы әрі тиімді өткізуге болатын ұйымдардың өзімен таныстырады. Және де барлық жалпы студенттер осындай ұйымдардың арасына кіріп, әрі қарай өздері де шара ұйымдастырып, басқа да қайырымдылыққа арналған істермен айналысады. Бұл шара бізде жыл сайын өткізіледі.

РКС:Бүгінгі кездесу – студенттер үшін өзіне жақын ұйымды таңдап, жаңа ортада бейімделуге мүмкіндік.

СНХ: МАРЖАН МУСКИНА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жастар рухы» жастар қанаты жастардың дамуына, олардың әлеуетін ашуға бағытталған жұмыстармен айналысады. Жалпы алғанда, мен мұндай іс-шаралардың өте қажет екеніне сенемін. Неліктен? Себебі басқа қалалардан, аудандар мен ауылдардан келген студенттер дәл осындай іс-шаралар арқылы өздеріне ұнайтын ұйымды таңдап, сол ұйым аясында дамуға, өзін жетілдіруге, болашақ мансабын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар жастарға тек білім алумен шектелмей, өз дағдыларын жетілдіріп, пайдалы таныстықтар орнатуға көмектеседі.

РКС: Айта кетейік, Ақмола облысының аумағында жастардың 30-ға тарта ұйымы бар. Олардың әрқайсысы құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, қоғамдық белсенділікті арттыру бағыттарында жұмыс істейді. «Өз таңдауыңды жаса» аггитациялық жобасы саланы саналы түрде таңдауға жол сілтейді.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ