ДИКТОР: Ақмола облысында жедел респираторлық вирустық инфекциялардың таралуы біршама төмендеді. Биыл эпидемия маусымы басталғаннан бері 15 мыңға жуық жағдай тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстарғанда 1,5 есе төмен. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл 67 процентті құрап отыр. Медицина қызметкерлері тұмау вирусы мен басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияны апта сайын бақылайды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық шектен тыс жағдайлар тіркелмегенін алға тартуда. Халықты вакцинациялауға ерекше назар аударылып отыр. Себебі, бұл аурудың ауыр жағдайларын болдырмауға және асқыну қаупін азайтуға көмектеседі.

СНХ: ҒАЛЫМБЕК АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазірге уақытқа дейін 74 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Бұл жоспарланған жалпы санның 88 процентіне тең. Сонымен қатар, жалпы санның 9,5 проценті. Біздің мақсатымыз жалпы халықты 11 процентіне екпе егу. Біз жақсы жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Вакцинация науқаны 15-ш қарашаға дейін жалғасады.