ДИКТОР: Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылы маңында Ресейден Тәжікстанға бет алған жолаушылар автобусы сынып, жолда қалды.
РКС: Төтенше жағдайлар қызметі дереу әрекет етіп, сынып қалған автобустағы жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Барлық азамат Аршалы кентіндегі жылыту пунктіне орналастырылып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір автобус жөнделіп, жолаушылар жолға шықты.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына алыс жолға шығар алдында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп, ауа райы болжамын бақылап отыру қажет. 112 қызметі жолдайтын дауылды ескертулерге назар аудару керек. Есіңізде болсын – өміріңіз өз қолыңызда.