ДИКТОР:Көкшетауда өткенәдеп кеңесінің кезекті отырысында бірқатар мәселе қаралды.
РКС: Бұл жолғы Әдеп кеңесінің отырысында облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралды. Мәселенің мән-жайын тоқталайық. Жыл басында Макинка ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу бойынша конкурс жарияланған. Мемлекеттік сатып алуға қатысқан өзге үміткерлер мердігердің кәсіби тәжірибесі туралы жалған ақпарат берілді деген мазмұнда департаментке өтініш жолдаған.
СНХ: ЕРТАС БҰҚАЕВ,ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Көрсетілген өтініштер негізінде ішкі мемлекеттік аудит департаменті уәкілетті органдарға сұратулар жолдады және алынған жауаптар бойынша мәліметтердің шынайы еместігі расталғаннан кейін, мемлекеттік сатып алу туралы заңның 14-бабына сәйкес тапсырыс берушіні анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етті.Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әрекеті тапсырыс беруші мен Қазынашылық комитетін анықталған деректер жөнінде ақпараттандырумен ғана шектеліп, сатып алу нәтижелерін жою немесе шарт жасасу процесіне араласу туралы шешім қабылданған жоқ.
РКС: Тапсырыс беруші, яғни Біржан сал ауданының білім бөлімі, сотқа өз бетінше жүгінген. Оның қорытындысы бойынша аталған компания жосықсыз мердігерлер тізіліміне енгізілді. Осылайша, ішкі мемлекеттік аудит департаменті заң аясында әрекет еткен. Кеңес отырысында бұдан бөлек сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау мәселелері қаралды.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылғы 19 қарашадан 2025 жылдың наурызына дейін 2020–2024 жылдар кезеңін қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: бюджет және қаржы қаражатын бөлу үдерісі; мемлекеттік қолдау шаралары; туроператорлық қызметке лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы.
РКС: Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған ықпал ететін себептерді жою мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындысы жөнінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі баяндама жасады. Кеңес қорытындысы бойынша этика кеңесінің мүшелері басқарма басшыларына бірқатар нақты ұсынымдар берді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.