ДИКТОР:Степногорск қаласында жылу беру маусымы қыркүйектің 25-сі басталды. Биыл жылу жүйелерін жаңартуға және жылу-электр орталығының жабдықтарын ретке келтіруге айрықша назар аударылды. Тиісті жұмыстардың уақытылы атқарылуының нәтижесінде барлық нысан белгіленген мерзімде іске қосылды. Қазір коммуналдық қызметтер тұрғын үйлерге жылудың үздіксіз және тұрақты берілуін қадағалауды жалғастырып жатыр.

РКС:Шаһарда545 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Тұрғындарды тұрақты әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қысқы маусымға жан-жақты дайындық жүргізілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 210 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде 14 шақырым магистральдық жылужелісі жаңартылып, 1,5 шақырымнан астам аулаішілік құбырауыстырылды.

СНХ: САМАТ ТАСЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қала жылу беру маусымына толық дайын. Дегенмен жылу желілерінің шамамен68 прцентке тозғандығы жасырын емес. Желілердің басым бөлігі 60-шы жылдардан пайдаланып келеді. Сондықтан бұл бағыттағы жаңғыру жұмыстарын жалғастыруқажет. Қажетті қаражат бөлінеді деген ойдамын.

РКС:Ауқымды жұмыстар қаланың жылу-электр орталығында да жүргізілді. Оны жаңғыртуға 7 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды. Бірден төрт қазан агрегаты жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін тағы бір қазандықты қалпына келтіру жоспарланған. Бұған қоса, қосалқы жабдықтар да толығымен жаңартылды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЛАЗЬКО, СТЕПНОГОРСК ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 5-ші қазан агрегатына күрделі жөндеу жүргізілді. Ал 3 пен 4және 7-ші қазандықтарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қазіркестеге сай 2-ші қазан агрегаты жөндеу үстінде. Оны 30-шы желтоқсанда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қысқы маусымға қазандық және турбина цехтарындағы жабдықтар толық дайын.

РКС:Жылу-электр орталығының жабдықтары бұған дейін 62 процентке тозған болса, қарқынды жұмыстардың нәтижесінде қазір оның деңгейі 59 процентке төмендеген. Ал жылу желілері бойынша бұл көрсеткіш 3,5 процент азайды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ