ДИКТОР: Ақмола облысында жыл басынан есірткіге қатысты 279 құқықбұзушылық тіркелді, оның 139-ы есірткі және психотропты заттарды таратуға байланысты орын алды. Заңсыз айналымнан 370 келі есірткі тәркіленді. Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған 409 адамның төртеуі кәмелет жасқа толмағандар. Соңғы кезде есірткі таратуға да жастар тартылып жатыр. Сондықтан қылмыстың алдын алу мақсатында Ақмола облысының полиция департаменті оқушы және студент жастармен кездесулер өткізіп жүр. Олар есірткіні тасымалдау, сақтау сынды заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіріп, статистикалық мәліметтерді мысалға келтірді. Темір тордың арғы жағында отырып, өкінген жандардың сұхбатын көрсетті.
СНХ: РАЗИЯ КУРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Кездесудегі басты мақсатымыз студенттерге есірткіні қолдану мен таратудың салдарын жан-жақты түсіндіру болды. «Есірткісіз өмір. Таңдау сенікі» тақырыбында форум өткізуді де қолға алып отырмыз. Осы бағытта түрлі акциялар, рейдтер де ұйымдастырамыз. «Наша» таратып, жеңіл ақша табамыз деп алданған жандардың өкініштерін жеткізуге тырысып, осындай қылмыстардың алдын алуға үлкен мән беріп отырмыз.