ДИКТОР: "Этножурналистика кеңістігі: заманауи көзқарас пен кәсіби жауапкершілік". Көкшетауда дәл осындай тақырыпта журналистер клубының отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Өңірлік журналистер клубы 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Клуб мүшелері жыл басынан қанша мақала жариялады? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшелері жыл басынан 232 мақала шығарған. Оның 120-дан астамын өңірлік телеарнананың тілшілері әзірледі. Ал, бір жарым айда журналистер клубының мүшесі тек 17 мақала жазған. Қыркүйек айында клуб төрайымының қызметіне келген Гүлбаршын Салық әріптестерінің жұмысына тоқталды.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН САЛЫҚ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНАНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Мен жаңа қызметте бір айдан артық жұмыс істеймін. Осы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясына байланысты 15 мақала жарияладым. Өкінішке орай, клуб журналистері аз мақала шығарды. Әрине, бұған себеп бар. Олардың әрқайсысы газет пен журналда жұмыс істейді. Десе де, әріптестерім Қазақстан халқы Ассамблеясына байланысты көп мақала жариялағандарын қалаймын. Бұл біз үшін маңызды.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ:///04470059///Жалпы, елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 21 журналист клубы бар. Онда 200-ден астам адам жұмыс істейді. Облыстық Ассамблея жанындағы журналистер клубында 17 мүше бар. Соның бірі "Зерен" газеті. 2007 жылы ең алғашқы мақаласын жариялады. Жалпы, жыл басынан мыңнан астам мақала шығарған.

СНХ: СВЕТЛАНА КИМ, "ЗЕРЕН" ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ: "Зерен" газетінде 2011 жылдан бері жұмыс істеймін. Ал жалпы журналистика саласында 1982 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Міне, 43 жылдық еңбек өтілімім бар. "Зерен" газеті 2007 жылдан бері мақала жариялап келеді. Бірақ, атауы басқа болып, ауқымы мен көлемі өзгеше еді. 2012 жылдан көлемді мақала жариялап, 2 газет шығара бастадық. Бірі қазақ тіліндегі "Зерделі Зеренді" және орыс тіліндегі "Зерен" газеттері.

РКС: Негізі елімізде этножурналистика 16 жылдан астам жұмыс істейді. Бірақ, ауқымы этнос арнасынан аспайтын. Яғни, мемлекеттің саясатын өз тіліне аударып, өзара тарататын басылымдар ғана болды. Енді Ассамблея жанындағы 20 өңірлік және 1 республикалық клуб заман талабына сай жұмыс істеп, орталықты кеңейтпек ниетте.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ