ДИКТОР: Степногорск қаласындағы заманауи "Тарлан дене шынықтыру және сауықтыру кешені" ашылғаннан бері Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернат - колледждің балуандары бүгінгі күннің талабына сай күрес залында тер төгіп жаттығуда.
РКС: Осыдан ширек ғасыр бұрын ашылған спорт интернат - колледжінің материалдық техникалық базасы ескіріп, еркін күрес балуандарының шеберлік шыңдауына аздап кедергі келтіріп жүрді. Енді, міне, ел чемпионатына өзге де жауапты жарыстарға алаңсыз дайындалатын мүмкіндік туды.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Заманауи күрес залы кең де жарық...
СНХ: АСАН ҚАЛИЖАНОВ, БАПКЕР: Интернатта осындай күрес залы болмайтын. Енді міне, қаладағы Тарлан дене шынықтыру спорт кешенінде жақсы мүмкіндікке ие болдық. Бұл жерде біздің балуан ұл-қыздарымыз еркін жаттығады. Күрес залы стандартқа сай. Амандық болса, аянбай тер төгіп, алдағы Азия чемпионаттарында жеңіске жетеміз деген үміт бар.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕРАСЫЛ ДҮЙСЕН, БАЛУАН: Бүгін Бөгенбай батыр атындағы интернат - колледжде 7 сыныптан бері оқимын. Еркін күреспен айналысамын. Бапкерім Асан Сұңғатұлы Қалижанов. Ол бізге күрестің айла- тәсілдерін үйретуден жалыққан емес. Жаңа залда маңдай тер төгіп жеңістен жеңіске жетуіміз керек.
РКС: Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернат - колледждің балуандары Степногорск қаласының әкімдігіне дән риза.Олар бүгінгі күннің талабына сай жаңадан салынған спорт кешенінің игілігін көруде.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ